ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

АБАТТАНДЫРУҒА 4 ЖЫЛДА 6 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ

13:03, 15 ақпан 2021

Соңғы 4 жылда Петропавлды көркейтуге 6 млрд теңге бөлінген.  Облыс әкімі Құмар Ақсақалов есеп беру кезінде қалада қандай жұмыстар атқарылғандығын айтты.    

Облыс орталығында  соңғы 4 жылда ауқымды жұмыстар атқарылды.  Аббаттандыруға ғана  6 млрд теңге жұмсалды.   Осының арқасында Петропавл танымастай өзгерді.   Аулалардың ішіне кешенді жөндеу жүргізілді. 4 жылдың ішінде 386 аулаға жаңа асфальт төселді. Бюджет есебінен 45 тегін көлік тұрағы құрылды. 261 балалар алаңы істелді. Биыл тағы бұл жұмыс жалғасып, 60 балалар алаңы салынады

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Петропавл – тарихқа бай шаһар. Қала ішінде көптеген тарихи ғимараттар сақталған. Алайда олардың кейбірі жартылай қирай бастаған екен. Сол себепті үш жыл бұрын біз оларды қалыпқа келтіру жұмыстарын бастадық. Бұл ғимараттардың иелерімен кездесіп, иесіздеріне жаңа инвесторлар таптық. Қазір бұл жұмыстардың нәтижесін көруге болады.

Құмар Ақсақалов сатылымға қойылған автовакзалдың болашағы жайында да айтып берді.  Карантин салдарынан  автобустар жүрмей, жолаушылар тасымалы банкротқа ұшырады.  Енді иесі автовокзалды 400 млн теңгеге бағалап отыр.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биыл жолаушылар тасымалына субсидияны екі есеге арттырдық.  Өткен жылы облыс бюджетінен 200 млн теңге жұсмалса, биыл  400 млн теңгені бағыттадық.  13-14 ақпаннан бастап қала ішілік және аудан аралы қоғамдық көлік өз жұмысын жалғастырады.  Карантиннің арқасында дерттің таралуын болдырмауға тырыстық, алайда шағын және орта бизнес пен жолаушылар тасымалы біраз қиындыққа тап болды. Енді бәрі қалпына келуі тиісті.  

Аббаттандырудың арқасында теміржол вокзалы да жаңартылып,   жолаушыларға жақсы жағдай жасалды. Енді олар ауыр сөмкелерін баспалдақпен тасымайды, нысанда эскалатор мен лифттер жұмыс істеп тұр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
17:15, 8 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
Толығырақ...
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
20:37, 24 қыркүйек 2021
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...