ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН

13:05, 23 қыркүйек 2021

Сүт тауарлы фермасы, құс фабрикасының құрылысы және дәрігерлік амбулаторияның жөндеу жұмысы. Бұл істер Аққайың ауданында атқарылып жатқан шаруалардың бір парасы ғана. Оған қоса Шағалалыда  ауыл ішілік жолдарға асфальт төселіп жатыр. Ондағы ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясы еккен картоптарын ысырапсыз жинап алуға тырысып бағуда. Осы және өзге де жұмыстардың атқарылу барысын өңір жетекшісі бақылап қайтты.

Аққайың ауданына қарасты Қиялы ауылының сыртындағы мына құрылыс алаңында 2022 жылдың соңында үлкен сүт тауарлы фермасы іске қосылады. Әзірге іргетасы қаланып жатыр. 3,7 млрд теңге тұратын жобаны «Гагарино» ЖШС қолға алған. Олар болашақта  жылына 3000 тонна сүт өнідіреміз деп отыр. Ірі қараны да, құрал-жабдықтардың барлығын шет елден жеткізіп,  өңірде бәсекеге қабілетті ірі сүт тауарлы фермасын ашуды көздейді.

МАРАТ ҚАРЫМСАҚОВ, «ГАГАРИНО» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазіргі кзде 632 басқа арналған сүт тауарлы ферманың құрылысы жүріп жатыр. Ол 5 корпустан тұрады. Бұл 316 басқа арналған қора, сауатын блок, төлдейтін қора және бұзаулар мен жас малдарға арналған корпус болады. Біз Германиядан голштино-фриз тұқымынан ірі қара алмақпыз. Қазіргі кезде біз сүрлемді дайындап қойдық. 4600 тонна. Бұл біздің алғашқы тәжірибеміз. Бірақ қолымыздан келеді деген үміттемін.

Облыс әкімі ат басын бұрған алғашқы нысан осы болды. Бұл жерде болашақ ферманың құрылысы мен жоспарлар таныстырылды. Өңір басшысы жобаны құп көретіндігін және өзге ауыл шаруашлығында жүрген азаматтарға да осы істі қолға алу керектігін айтты. Себебі шығынның біраз бөлігін мемлекет субсидия арқылы өзі өтеп береді. Одан қалды сүтке де, малдың әр басына да жеңілдік қарастырылған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Техникаға 50 процент субсидия болады. Оборудованияларыңызға 25 процент. Құрылысқа да 25 процент. Сосын әр малдың басына кем дегенде 40 проценттен 50 процентке дейін мемлекет көмек береді. Оған да қаражатымыз бар. Ең бірінші субсидия фермаларды салатын азаматтарға төленетін болады. Респбликамызда 30 шақты ферма салынса, соның дәл жарытыс бізде салынып жатыр. Оны жылдың соңына дейін қосайын деп жатырмыз. Келесі жылы да оны тағы да басталып кетеді.

Құмар Іргебайұлы сут тауарлы фермасының коммуникациясын, яғни су, жол, электр жарығын қосуға әкімдік тарапынан көмек болатындығын да айтты. Кейін өңір басшысы Шағалалы ауылдық округіне барып, аталмыш ауылдағы жолдардың жөнделуін бақылады. Бұл ауылда 12 көшеге асфальт төселмекші. Әзірге 7ші көшенің жолы ретке келтіріліп жатыр. Мердігер компания жергілікті , Тайынша ауданынан «ВТВ-Тайынша» ЖШС. Мердігер компанияның жетекшісі 12 көшенің барлығын осы жылы жөндейміз дейді. Оған 141 млн 112 мың теңге бөлінді.

Дәл осы Шағалалыда ескі дәрігерлік амбулаторияда жөнделіп жатыр. Бұл ғимарат көптен қаңырап бос тұрған. Болашақта мұнда күндізгі стационар да   болады.

Ауылдықтар үшін тағы бір жағмды жаңалық. Ауылға Оңтүстіктен екі жалпы тәжірибедегі дәрігер маман келген. Баспаналары дәрігерлік амбулаторияда орналасқан. Үш бөлмелі үйде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Өңір басшысы олардың да жағдайымен танысып, жастармен тілдесті. Жас мамандарға 2,5 млн теңге көтермеақы беріледі. Оған қоса айлықтары 300 мың теңгеге жақын. Солтүстікке қоныс аударамын деген азаматтарды қабылдай аламыз, сондықтан ағайын туысты шақырыңыздар деді облыс әкімі.

Сондай-ақ  облыс әкімі ауыл шаруашылық тәжірибелі станцияда да болды. Мұнда қазір картоп жинау науқаны қызған. Мамандардың айтуларынша өнімділік 19,3 центнерді құрайды. Жаз бойғы ауа райының құбылмалы болуы станция қызметкерлеріне біраз ыңғайсыз болса керек. Дегенмен көздеген межеге жетеміз деп отыр.

Облыс әкімі барған соңғы нысан Аралағаш ауылдық округінде салынып жатқан Құс фабрикасы. Алматылық инвестор бастаған жобаның құны 5 ,5 млрд теңгеге жақын. Оның 3 млрд мемлекеттен жеңілдетілген несие ретінде алған. Ал қалған қаржы өз қалтасынан шығарылды. Болашақта бройлер өнімін Азия мен ТМД елдеріне шығару жоспарда бар. Әзірге алғашқы тауарды СҚО мен Ақмола облыстарының нарығына жібереді.

БЕРІК АҚМЫРЗА, «СЕВЕРНЫЙ БРОЙЛЕР» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

- Жылына 50 мың тонна ет өнідетін бройлер фабрикасының құрылыс жүріп жатыр. Биыл 6 құс өсіретін корпусты іске қоспақшымыз. Өзімізің жемшөп зауытымыз болады. Жабдықтардың барлығы жеткізілді, еуропаның жетекші компанияларынан алдық . Қазіргі кезде жергілікті анрық импортқа толы, қымбат. Біз осыны ескере отыра фабриканы салуды қолға алдық.

- Мал шаруалышығына арналған бағдарламаны біз 2 құс фабрикасының салу арқылы дамытып отырмыз. Мынау северный бройлер фабрикасы алғашында 6 мың тонна өндірсе кейін қуаттылығын екі есеге арттыады. Бізді мақсатымыз 100 мың тоннаға дейін ет өнідурі. Бүгінде ол 60 мың. Салынып жатқан сүт һтауарлы фермалары 50 мың тонна етпен қамтааасыз ете алады. Ол бұқалар және тайыншалар. Олар да етке кетеді. Сұраныс бар. Мемлекеттен көмек бар.

Аудандағы бірқатар нысандарды аралап, құрылыс, жөндеу жұмыстарының барысын бақылаған Құмар Іргебайұлы барлық іс жоспарға сай жүргізілу керектігін айтты. Әр ашық күнді тиімді пайдалынып, қаражаттың соңғы теңгесіне дейін дұрыс жұмсауды тапсырды.

Гүлнар Сайлауқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛДЫ
17:15, 21 қазан 2021
ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛД...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13:02, 20 қазан 2021
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...