ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

17:15, 12 мамыр 2021

Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев өзі басқарып отырған ауданның 2020 жылғы  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қорытындылап, 2021 жылғы басты  жоспарлармен бөлісті. Былтыр ауданда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жалпы сомасы 1 млрд. 453 млн. теңгеге 32 жоба іске асырылған, оның ішінде: «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 1 млрд. 265 млн. теңге сомасына 22 жоба іске қосылды.

Ауыл шаруашылығынсыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Аққайың ауданының бұл салада даму қарқыны айтарлықтай. Мәселен ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің көлемі биылғы жылдың 1 қаңтарында 44 млрд  437,3 млн  теңгені құраған. Егіс көлемі де 7,6 мың гектарға артқан.   

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  «2020 жылы аудан бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 157 мың га алқапта жиналды, аудан бойынша өнімділік - 17,1 ц/га құрады, 39,2 мың га алқапта майлы дақылдар жиналды, өнімділік аудан бойынша – 9,6 ц/га құрады. 2021 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарының алдын ала құрылымы 211,6 мың гектарды құрайды. Ауданның агроқұрылымдары 2020 жылы сатып алды және 6,4 мың тонна көлемінде минералды тыңайтқыштар енгізілді ауданы 73,2 мың гектар. Бүгінгі күні минералды тыңайтқыштарды сатып алуға 10,3 мың тоннаға келісім-шарт жасалды.»

Жыл сайын шаруалар машина-трактор паркін жаңартады. Былтыр 4 млрд жуық теңгеге  107 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Биыл да сол межеден көрінбек. Ауданда 90 кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады. Мал басы жыл сайын ұлғайып келеді. Биыл  26 898 басқа артқан. Сонымен қатар ауданда ет, сүт өндіру көлемі де  ұлғайған.

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Өткен жылы "Иван Зенченко" ЖШС Ленинское ауылында 1600 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасының құрылысын аяқтады. Симментал тұқымының 478 бас сиырын сатып алдық. 20 жаңа жұмыс орны құрылды. Бүгінгі таңда фермадағы ірі қара мал саны 958 басты құрайды. Ағымдағы жылы тағы 400 бас құнажын сатып алу жоспарлануда."Ивановка Агро Север" ЖШС базасында асыл тұқымды репродуктор құрылды, онда Герефорд тұқымды 369 бас ІҚМ жыл соңына дейін тағы 150 бас әкелуді жоспарлап отыр.»

Құс шаруашылығы да дамып жатыр. Аралағаш ауылдық округінде "Северный бройлер" ЖШС қуаттылығы жылына 5000 тонна ет өндіретін бройлер құс фабрикасының құрылысын бастады. Жоба құны 5,8 млрд.теңге. Екі жыл ішінде жүзеге асырылып, 168 жұмыс орны құрылмақ. Ал Трудовое ауылында «Ромазанов» ЖК қаз басын 10 мың басқа дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясынан 2 мың қаз сатып әкелді.

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы 180 млн.теңге сомасына 52 несие берілді. Ағымдағы күнге 25,5 млн.теңге сомасына 4 несие берілді. 2020 жылы "Бастау-Бизнес" бағдарламасы бойынша 42 адам оқудан өтті. Ағымдағы жылы да осынша білім беру жоспарлануда. 26 сәуірден бастап 1 ағын бойынша 21 адам оқуға кірісті. "Еңбек" бағдарламасы бойынша 2020 жылы бағдарламаның 66 қатысушысына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 35,2 млн.теңге сомасында гранттар берілді.»

Бір жыл бұрын Тоқшын ауылында  "QAZAQVENEER" ЖШС аршылған қайың шпоны мен фанера өндіру цехын іске қосты. Кәсіпорын биыл  бірінші тоқсанда 3,1 млн теңге сомасына 27,7  текше метр өнім өндірген. Ауданда "Еңбек" бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Былтыр 27 үй салынған, биылға 54 үйдің құрылысы жоспарланған.

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «2020 жылы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жалпы сомасы 1 млрд. 453 млн. теңгеге 32 жоба іске асырылды, оның ішінде: Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 1 млрд. 265 млн. теңге сомасына 22 жоба іске асырылды, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарынан 153 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында 47 млн. теңгеге 6 жоба жүзеге асырылды;»

Ауданда сонымен қатар білім беру, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау нысандарына, әлеуметтік бейімдеу орталығының үй-жайларына, аудандық мұрағат ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдар жөнделуде. Биыл жолдарды жөндеуге 55 млн. теңге бөлінді. Мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 17,9 млн. теңге қарастырылған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
13:01, 27 қазан 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛДЫ
17:15, 21 қазан 2021
ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...