ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

17:20, 13 желтоқсан 2021

Петропавлда мереке қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр. "Дария", "Алтын Арман" және коммуналдық базарда ұйымдастырылған жәрмеңкелерде өнім нарықтағыдан 15-20 пайызға арзан. Мұнда ауылдың сары майы, сүт, қаймақ, ет, балдың да түр-түрі бар. Бұл іс-шара 16 желтоқсанға дейін жалғасады.

- Бал алмақшымын. Келісі - 1500 теңге. Сөрелерге қойылған барлық тауарларды қарап шықтым. Бағалары қалта қақпайды.
- Бүгінгі жәрмеңкеден бал алдым. Қалада бұндай баға жоқ. Бірер күнде жәрмеңкеге қайта келмекшімін.


Көптің көңілінен шыққан балды Антонина Дудкина саудалап жатыр. Бүгінгі жәрмеңкеге аққайыңдық омарташы 50 келіден астам табиғи таза өнім әкеліпті.
Антонина Дудкина, омарташы:

- Жәрмеңкеге балдың 3 түрін әкелдім. Биыл өнімді Булаев қаласы маңынан жинадық. Ол жақтағы алқаптарға дәрі себілмейді. Сол себепті, бал табиғи әрі таза. Тұрғындар сатып алмас бұрын өнімнің дәмін татып көре алады.

Ал мына жақта Нұртас Қанафин қой етін сатып жатыр. Бүгінгі жәрмеңкеге ол 45 келіден астам өнім әкелген екен.

Нұртас Қанафин, Аралағаш ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы:

-  Жәрмеңкеге екі семіртілген қой әкелдім. Келісі - 1900-2000 теңге.
-  Жәрмеңкеге осылай жылына 1-2 рет қатысып тұрамын.
-Тұрғылықты алушыларым бар. Солар келіп, сатып алады.


Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі "Дария", "Алтын Арман" және коммуналдық базарларында өтіп жатыр. Оған 6 ауданның ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер қатысуда. Сатушылар қала тұрғындарына арнап 5 мың тоннаға жуық өнім әкелген.

Талғат Наурызбаев, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
- Облыс әкімінің тапсырмасымен жәрмеңке өткізіп жатырмыз. Бағалар жайлы айтар болсақ, қара мал етінің келісі мында 1700 теңгеге сатылуда. Ал нарықтағы бағасы - 2200-2300 теңге. Жұмыртқаның бағасы нарықта 450 теңге болатын болса, мында - 330 теңге. Құс еті де біршамаға арзан.

Жалпы, сенбі күні басталған жәрмеңкелер барысында 5 мың тоннадан астам өнім сатылған. Бұл іс-шара 16 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...