ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

АУЫЛЫН КӨРКЕЙТКЕН АЗАМАТ

17:18, 18 қазан 2021

Ғ.Мүсірепов ауданының «Ақселеу» ЖШС еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген жылы құрылып,  өзі орналасқан Ковыльное елді мекені тұрғындарына қолайлы жағдай жасап келеді.  Аудан орталығынан 160 шақырым, ал облыс орталығынан 500-ге жуық шақырым шалғайдағы  елдімекен қазір өңірдің болашағы зор, көрікті ауылдарының бірі ретінде танымал. 

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Ковыльное елді мекеніндегі совхоз да жұмысын тоқтатып,  неміс ұлтты тұрғындарының басым бөлігі Германияға көше бастады. Ауыл тұрғыны Серік Малаев өз алдына  шаруашылықты сақтап қалу мақсатын қояды.   

СЕРІК МАЛАЕВ, «АҚСЕЛЕУ» ЖШС БАСШЫСЫ:

«Ақселеу» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің қазір 15 мың гектар жері бар.  Шаруашылық жұмысында озық компьютерлік технологияларды енгізіп жатыр.  Бейнебақылау камераларымен қатар,  жұмыс барысын қадағалап, реттеп отыратын арнайы бағдарламалар да орнатылған.

ҚЫРМЫЗЫ ШАМЕКЕШОВА, «АҚСЕЛЕУ» ЖШС БАС ДИСПЕТЧЕРІ:

- Мониторинг бағдарламасы  арқылы серіктестіктің барлық нысандарын бақылай аламыз. Әр техникаға JPS  трекирлар қойдық. Енді әр қайсысының өнімділігін реттеп, істен шықса бірден байқай аламыз.   Тіпті әр машинаның жылдамдық режимі,  жанар-жағар майдың шығыны да көз алдымызда. 

2020 жылы серіктестік сұйық тыңайтқыш жасайтын құрылғыны орнатты.  Енді шаруашылық  тыңайтқышты сұйық түрінде емес, гранулала күйінде  сатып алып, өздері ерітеді. Бұл әлдеқайда тиімді дейді шаруашылық басшысы.   Бидаймен қатар, зығыр, қарақұмық, бұршақ сияқты  дақылдарды да сеуіп келеді. 2012 жылдан бастап «Ақселеу» серіктестігі асыл тұқымды мал шаурашылығын да қатар дамыта бастады.  Сол кезде жеткізілген 180 бас  Герефорд тұқымды қара малдың саны бүгін 600-ден асады.  Бұл етті сиырдың тұқымы. Бұзаулары ірі болып туады. Шаруашылық бір жылдық бұқаларды өзге шаруашылықтарға сатады. Ол кездегі салмағы 450 келіге дейін жетеді. Жалпы бұл қарамалдың салмасы 1 тоннаға дейін барады.

ОКСАНА ГРИШИНА, МАЛ КЕШЕНІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Көбіне оңтүстік және батыс Қазақстанның шаруашылықтарымен жұмыс істейміз . Бұқаларды сатудың алдында міндетті түрде биоматериалдарын сараптамаға жіберіп,  ДНТ тестілеуден өткіземіз. Бұл малдың асылтұқымдылығын дәлелдеу үшін қажет.  мал суыққа өте төзімді. Қыста оларды осылай далада ұстаймыз.  Жем шөпті талғамай жей береді. Және бір ерекшелігі өте мейірімді жануар. Алып болғанына қарамастан, адамға жақын. 

Шаруашылық басшысы  Серік Малаев бизнесінің пайдасын өзі ғана емес, Ковыльное ауылы  тұрғындарымен бірге көріп келеді.  Серіктестік жаңа үйлер тұрғызып,  ауылды толығымен ауыз сумен қамтып, әр үйге дейін тартқан. Зығыр сабанымен жұмыс істейтін қазандық қазір ауылдың тең жартысын және серіктестіктің барлық нысандарын жылтып отыр.   

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...