ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АУЫЛЫН КӨРКЕЙТКЕН КӘСІПКЕР

17:20, 3 желтоқсан 2021

Елімізде тәуелсіздікпен бірге түлеген кәсіпорындар мен шаруашылықтар жетерлік. Мәселен ОБЛЫСТА егін өсіріп, мал басын көбейтіп отырған Серік Малаев өз ісін дөңгелетіп қана қоймай,  жерлестерінің де жағдайын жасап жүр. Тәуелсіздік алған жылдары құрылған шаруашылық  бүгінде бүтін бір ауылды берекелі өңірге айналдыра білді. Ғ.Мүсірепов ауданының Ковыльное ауылына барып қайтқан арна тілшісі Нұрбол Балғабековтың репортажына назар аударайық.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ,

«Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Ковыльное ауылы облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан. Алайда шалғай орналасқанына қарамастан елді мекенде тұрғындарға тұрмысқа қолайлы жағдай жасалған. Оның бәрі осы елдің бас көтерер азаматы, меценат Серік Малаевтың арқасы. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары құрылған серіктестік биік белестерді бағындарды. »

Серік Тәттібайұлы егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысады. Серіктестік меншігінде 20 мың гектар жері бар. Дәнді және майлы дақылдарды өсіреді. Бүгінде кейіпкеріміздің ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келе жатқанына  40 жылдан астам уақыт болған. Кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп қана қоймай,  жерлестерінің де әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып жүрген жомарт жан. Айтуынша, бүгінгі жетістік  оңайлықпен келмеген.

СЕРІК МАЛАЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:

«90-жылдары енді Совет үкіметі ыдырған кезде өте қиын жағдайлар болды. Басқа ұлттар немістер Германияға кете бастады. Жанар-жанармай алатын жерлер, қосалқы бөлшектер алатын жерлер болмады. 2000-шы жылдың басынан бастап, алыс-алыс шет елдерден техника алып, үйлердің жағдайын түзетіп бастап, халықтың тұрмыс жағдайларын түзете бастап, мектептерге көмек беріп, осындай қызмет істедік. Бірінші ойлағанымыз мынау мектепті сақтап қалу.»

Бүгінде елді мекенде 300-ден астам адам түтін түтетіп отыр. Кейіпкеріміз зығыр сабанымен жұмыс істейтін қазандық орнатып, әрбір үйді орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосқан. Ауылды толығымен ауыз сумен де қамтып, әр үйге су кіргізген. Едірісовтер әулеті осы ауылдың байырғы тұрғындары.

АЙГҮЛ ЕДІРІСОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

«Осында көшіп келгенімізге 30 жылдай уақыт болды. Сол 30 жылдың ішінде заманымыз өзгерді. Еліміз де өзгерді. Көріп отырсыздар, үйіміз қандай, суымыз қандай, нанымыз қандай. Наубайхана жұмыс істеп тұр. Моншамыз жұмыс істеп тұр. Өте жақсы жағдай жасалған. Біз пеш жағудың не екенін білмейміз. Су тасудың не екенін білмейміз. Міне біз келгеннен бері осы үйімізде су тартылған. »

Ауылда асхана мен наубайхана да жұмыс істейді. Нанның бір бөлкесі мұнда небәрі 65 теңге тұрады. Жомарт жан спортқа да ерекше көңіл бөледі. 2012 жылы елді мекенде фитнес орталығын тұрғызған. Қазір балалар бос уақытын тиімді өткізеді. Ал, осыдан 5 жыл бұрын мұнда күрес үйірмесі де ашылыпты.

СЕРІК МАЛАЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:

«Әр ата-ананың тілегі ол өздерінің балаларына жақсы білім беру, жақсы тәлім-тәрбие беру. Сол бір тәрбиенің біреуі- спортпен айналысу. Сондықтан жастарға, балаларға спортпен айналысуға жағдай жасап жатырмыз. Жасөспірімдерге денсаулықтарын шынықтыруға, әрі қарай басқа жаққа барғанда сонымен айналысуға жағдайларын жасап, осындай фитнес залын аштық.»

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап Серік Тәттібайұлы  мемлекеттік бағдарлама аясында жас мамандар мен қоныс аударушыларға 21 үй салып берген. Ауылға көш түзегендердің бірі – Естаевтер әулеті. Олар биыл Нұр-Сұлтан қаласынан көшіп келіпті. Бүгінде ерлі-зайыпты жергілікті шаруашылықта еңбек етіп келеді.

ЖАСҰЛАН ЕСТАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

«Ең кіші қарындасым айтты. Осындай ауыл бар. үй беріп жатыр, жұмыс беріп жатыр деп. Сонымен бізде ойланып, әйеліме барайық па, бармайық па деп. Ең бірінші қорқыныш болды. Сосын екі аптадан кейін әйелім барайық деді. Жұмыс берем деді, үй берем деді. Келдік содан кейін. Жұмыс берді. Міне жұмыс істеп жатырмыз. Құдайға шүкір жақсы бәрі. Ауылға бар күшімізді саламыз. Көмек береміз.»

Өз елінің нағыз жанашыры  шалғайдағы елді мекен тұрғындарының  жайлы өмір сүруі үшін бар жағдайды жасады. Ковыльное ауылын болашағы бар елді мекендердің қатарына қосты.

СЕРІК ТӘТТІБАЙҰЛЫ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:

-  «Істеген жұмысымыз енді ол елді сақтап қалу. Егемендігіміз баянды болуы үшін. Мәңгілік болуы үшін осы елдерді дұрыс ұстауымыз керек. Әрі қарай болашақта үлкен елдердің қатарына қосылу үшін қызмет істеп жатырмыз.»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар