ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

БЕСКӨЛ МАҢЫНДАҒЫ ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

20:41, 10 наурыз 2021

Бескөл ауылы маңындағы қоқыс бірнеше жылдың ішінде тау болып үйіліп, заңсыз қоқыс полигонына айналды. Қазір ол тұрғындардың ғана емес, экологтар мен қоғам белсенділерінің де қатаң бақылауында.   Алайда әзірге шешімін табар емес. «Қызылжар адалдық алаңы» жобалау кеңсесі өзекті мәселені талқыға салды.  

Осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған заңсыз қоқыс алаңы жыл сайын өсіп, Бескөл ауылына жақындап қалды.  Бір қызығы 2015 жылы комиссия шешімімен  қоқыс полигоны үшін жер участкесі белгіленген. Алайда, кейінгі тексерістер жобада бірқатар заң бұзушылықты анықтап, белгіленген жер участкесінің бұл мақсатқа жарамайтындығын анықтады. Қазір тұрмыстық қалдықтар Бескөлден ғана емес, Бәйтерек пен Элитный ауылдарынан да әкеліп төгіледі.    

ЖАСҰЛАН САДУЕВ, СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ауылдық округтың әкімі әкімшілік жазаға тартылды. Тұрмыстық қалдықтар Бескөл ауылының маңына еш рұқсатсыз төгіліп келген.  Экологияға үлкен залал келтірілді. Біздің департамент бұл мәселемен 2017 жылдан бері айналысып келеді.  Бірнеше мәрте тексерстер жүргізілді.

Жиын қатысушыларының пікірінше, мәселені шешудің бір амалы,  жаңадан қоқыс алаңын ашу.  Алайда бұл қоқысты жай ғана төге салатын жер емес, сұрыптап  қайта өңдейтін өндіріс болуы керек.  Ендігі мәселе арнайы жер участкесін табу.  15 шақырым радиуста  бос жер жоқ.  Бәрі жеке меншікте. 

ҚАЙСАР АМИРИН, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ТҮКШ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- 2015 жылы қоқыс полигонына жер бөлінген. Алайда ауылға жақын болғандықтан оны қазіргі полигонның орнына шегерді. 2017 жылдан бастап жобалық сметалық құжаттар әзірлене бастады.  Жоба  2018 жылы сараптамаға алынып, қажетті  4 тарап болмай шықты.  Геологиялық,  гидрологиялық , геодезиялық және  гидрогеологиялық. Енді нормалық талаптар бойынша бұл жер участкесі қоқыс полигоны үшін жарамайды.

Жиынға қатысушылар  мәселеге қатысты ортақ ұсыныстар дайындау қажет деп шешті.  Бір айта кететіні, облыс аумағында рұқсат етілген қоқыс полигондарының саны небары 15, ал заңсыз қоқыс төгетін орындар 500-ден асады. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
17:15, 8 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
Толығырақ...
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
20:37, 24 қыркүйек 2021
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...