ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

БИЫЛ 10 СҮТ ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

17:17, 11 маусым 2021

Биыл облыс бойынша егіс алқабы 4,3 млн гектарды алып жатыр. Соның 900 мың гектарына майлы дақыл себілді. Мұнымен қоса, қазіргі таңда өңірде 16 заманауи сүт-тауар кешенінің құрылысы жүргізілуде. 10-ы жылдың аяғына дейін іске қосылады деген жоспар бар.

5 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 65,7 млрд теңгеге жетті. Биыл өсімдік шаруашылығында егіс алқаптарының құрылымы сақталып, әртараптандыру жалғастырылды. Қарақұмық дақылдарын егу 2,4 есеге артты. Осы жылы егіс алқаптарына 160 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған, бұл өткен жылдың деңгейінен 20% - ға артық. Бүгінгі күні соның 101 мың тоннасы 1,6 млн гектарға сіңірілді.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жоғары әрі сапалы өнім алудың тағы бір кепілі – сапалы тұқымды пайдалану. Осы жылы сұрыпты 9% жаңартуды жоспарлап отырмыз. Машина-трактор паркін жоспарлы түрде жаңартып жатырмыз. Бұл бағытта инвестициялар көлемі жыл сайын артып келеді.Осы жылы егіс науқанын жүргізуге 13 мың трактор, 15 мың астық сепкіш, 1200 өнімділігі жоғары заманауи егіс кешені жұмылдырылды. 28,5 млрд теңгеге 1 184 техника сатып алынды.

Өңірде мал шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінген. Өңір жетекшісінің тапсырмасы бойынша кешенді жоспар аясында мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға 15 млрд теңге бөлінді. Бұл саланың дамуына үлкен серпін беріп, сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжай кешенін салуға және ет бағытындағы жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Соңғы 3 жылда облыста 12 жаңа сүт кешені пайдалануға берілді.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгінгі күні облыстың 8 ауданында 16 заманауи сүт-тауар кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр, жылдың аяғына дейін  10 сүт-тауарлы ферманы іске қосу жоспарланған.  Уәлиханов және Ақжар аудандарында 13 мың басқа арналған 2 ірі бордақылау алаңдары салынады. «EMC-Агро»  ЖШС-гі шошқа кешенін 50-ден 100 мың басқа дейін ұлғайтпақ.

Бұдан бөлек, құс шаруашылығын дамыту үшін жылына 6 мың тонна бройлер етін өндіретін 2 құс фабрикасының құрылысы басталды.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жаңа қайта өңдеу кәсіпорындарын құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту бойынша жұмыстар іске асырылуда. «Маслодел» және «Евразиян Милк»  ірі сүт өңдеу кәсіпорындары қайта құрылмақ.  Осылайша  сүт, май, қаймақ өндіру көлемі едәуір артып, шығарылатын өнім түрі ұлғаяды.

Биыл «Зеленый Север» ЖШС жылына 1 319 тонна қияр, 1 460 тонна қызанақ өсіретін жылыжай кешенін салуды бастамақ. Қазіргі таңда облыстағы құс фабрикаларының жұмысы қалпына келтірілді. Жыл басынан басынан бастап құс фабрикаларына 1,3 млн балапан жеткізілді, қосымша 700 мың бас әкелу жоспарланған.

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛДЫ
17:15, 21 қазан 2021
ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛД...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13:02, 20 қазан 2021
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...