ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

БИЫЛ АСТЫҚ АЗ ШЫҚТЫ

13:01, 3 қыркүйек 2019

Биыл астық аз шықты. Былтыр 22 миллион тонна жиналса, осы жылы 19 миллион тонна көлемінде бидай орылады деген болжам бар. Бұл жағдайға басты себеп қолайсыз ауа райы деді Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров.  Егін мәселесі бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібіне еніп жан-жақты талқыланды. Ала-жаздай болған аптап ыстықтың салдарынан Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы алқаптарда шығым азайған. Ендігі міндет бар бидайды рәсуа қылмай, мерзімінде жинап алу қажет. Осы ретте, Премьер-министр Асқар Мамин егін орағына күн сайын мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды. Техника мен жанар-жағармайдан тапшылық жоқ екені айтылды. Министр Сапархан Омаровтың айтуынша, биылғы бидай көлемі ішкі нарықты қамтуға толық жеткілікті және бидай көлемінің азаюы нан бағасына ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді.

САПАРХАН ОМАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

- Егер 19 миллион тонна астық жинайтын болсақ оның 9 миллионы ішкі нарыққа қалады 7-8 миллион тоннасын экспортқа шығарамыз. Ар жағында 2 миилион тағы да қалып отыр. +Астықтың бағасын айтатын болсақ продкорпорация астық сатып алатын болып жатыр 62 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін бидайдың бағасы сапасына байланысты.

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫС БОЙЫНША 760 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
17:15, 28 шілде 2021
БИЫЛ ОБЛЫС БОЙЫНША 760 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...