СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері 11 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, келер жылға жоспарларымен бөлісті. Биыл «өнеркәсіп» саласындағы өндіріс көлемі 318,3 млрд. теңгені құрады. Пандемияға қарамастан, біздің өңірге осы жылдың 9 айында келген туристер саны 78,7% - ға артып, 124 мың адамды құраған. Имантау-Шалқар курорттық аймағы республикалық маңызы бар туристік аймақтардың үздік 10-дығына енді. Жолдар жөнделіп, демалыс орындары салынып жатыр.
Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 5 жылда 1,5 есеге арттыру міндетін қойса, солтсүікқазақстандықтар бұны 3 жылда орындауды көздеп отыр. Осы мақсатта Киров атындағы зауыт компьютерлік техниканы құрастыруды қолға алды. Өткен жылы 54 мың компьютер мен ноутбук құрастырылып, оларды облыс мектептері мен еліміздің басқа да өңірлері сатып алды. Биыл 3000-нан аса компьютер әзірленсе, жыл соңына дейін оны 4 мыңға жеткізу жоспарда бар. Ал, «ЗИКСТО» АҚ келісімшарт бойынша Қазақстан Темір Жолына жыл басынан бері 19,5 млрд.теңгеге 786 вагон платформасын шығарды. Тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары 9,1% өсіммен 8,2 млрд.теңгеге өнім өндірді. СОндай-ақ, маслодел, солстүстік фанера комбинатының, газоблоктар мен плиталар, қағаз жасайтын фабрикалар және өңірдегі өзге де компаниялардың жұмысы оңға басып келе жатқанын айта кеткен жөн, Осылайша, жыл басынан инвестициялар өсімі 112% немесе 271 млрд.теңгені құрады, 22 млрд. теңгеге 5 инвестициялық жоба пайдалануға берілді және 699 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
ДАНИЯР ИСАЕВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Туризм саласына тоқталсақ, Шалқар Имантау курорттық аймағында көпфункционалды туристік кешен, глэмпингтер мен «Балалар» спорттық-ғылыми балалар лагерінің құрылысы, эко-қонақүйін салуды жоспарлап отырмыз. Өнеркәсіп саласы да дамып келеді, келер жылы 81 млрд.теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарлап отырмыз. Бұл 600-ден астам жұмыс орнын құруға сеп болмақ.