ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

БИЫЛ ОБЛЫС БОЙЫНША 760 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

17:15, 28 шілде 2021

«Соңғы үш жылда облыста екі мың шақырымға жуық жол жөнделген. Енді жаңадан қабылданған кешенді жоспарға сай 2025 жылға дейін екі мың шақырымнан астам жол қалпына келтірілмек. Бірақ қыруар қаржы бөлінетін ауқымды жобаға қоғамдық және техникалық қатаң бақылау қажет», - деді өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов. Облыстық әкімдіктің отырысында аймақтағы жол мәселесі кеңінен талқыланды. Бас қосуда аймақ басшысы кейбір жауапты мекемелердің жұмысын сынға алды.

Облыста соңғы 3 жылда екі мың шақырымға жуық жол жөнделген. Биылғы жоспар да ауқымды. Облыс бойынша жыл соңына дейін 760 км жол қалпына келтірілмек. Ол үшін республиалық және облыстық бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған.

МАҚСАТ БАЯХМЕТ,  СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 2020 жылдың қорытындысы бойынша ұзындығы 850 шақырымды құрайтын 148 жоба жүзеге асырылды. Нақтырақ айтсақ, 166 шақырым жолға орташа, 292 шақырымға ағымдағы, ал, 36 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 355 шақырым ауылішілік жол қалпына келтірілді. Тиісінше бөлінген 27 млрд теңге толығымен игерілді.

Биыл облыс жолдарын жөндеуге 24,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаржыға жыл соңына дейін 760 шақырым жол қалпына келтірілмек. Оның 168 шақырымы ауылішілік жолдар. Әрине мұның бәрі өңір үшін жақсы жаңалық. Өйткені жол – экономика арқауы. Дегенмен, оның сапасы маңызды. Мысалы, былтыр күрделі жөндеу жүргізілген Темирязев-Ақсуат тас жолы мен Кішкенекөл-Мортық жолында ораналсқан су өткізгіш құбыры талапқа сай келмейтін болып шыққан. Тиісінше, 170 млн теңгеге жуық қаражат мемлекетке қайтарылды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Техникалық қадағалау бойынша көптеген сұрақ бар. Мысалы өткен жылдары жолдарды жөндеуге қатысты бірнеше олқылық анықталды. Жұмысын тым сапасыз атқарған «Кредо СК» ЖШС есіңізде болар. Бұдан былай қоғамдық және техникалық бақылауды барынша қатаңдатқан жөн. Жолды жөндеу барысын әрдайым қадағалау керек. Қыруар қаржы бөлініп жатыр. Оны оңды-солды шашуға болмайды. Шаруаны ақылмен, жоспарға сай атқару керек.

Облыс әкімі жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына техникалық қадағалудың болмауын дұрыс емес деді. Тексеріс болмаса, жұмыстың да сапасы нашарлай түспек. Одан бөлек республикалық, облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының бойындағы ұсқынсыз, қирауға жақын тұрған ғимараттарды айтып, «Қазавтожол» филиалының жұмысын сынға алды. Аймақ басшысы филиал басшысына аудан әкімдерімен бірігіп тас жолдардың бойына жолаушылар аялдап, демалатын орындар салуды тапсырды. Жиыл соңынада обылс әкімі қаладағы аулалардың жағдайына тоқталды. Оның сөзінше былтыр жөндеуден өткен 18 ауланың тұрғындары сапасыз жұмысқа шағымданған. Шаһар Басшысы Болат Жұмабеков бұл мәселе рет-ретімен шешіліп жатқанын жеткізді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...