ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

20:36, 24 тамыз 2021

Өз кәсібін ашып, дөңгелетем дегендерге жан –жақты қаржылық, және кеңестік қолдау түрлері қарастырылған.  Бұл жұмыспен бірқатар мекеме айналысып келеді. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз маслихатында Кәсіпкерлер палатасы, «Даму»  кәсіпкерлікті қолдау қоры мен  ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қоры  ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ.  

Биыл «Бастау Бизнес» жобасы аясында 770 адам  кәсіп жүргізудің қыр-сырын меңгерді.  Ерекше бизнес идеясын ұсынып, жобасын қорғаған  1739 адамға  мемлекеттен қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Бүгінге дейін  8 комиссия отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша 996 грант мақұлданды.

ӘЛІБЕК АШМЕТОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Биыл СҚО Кәсіпкерлер палатасы жанында «Атамекен Қызылжар» Микроқаржы ұйымы құрылды. Мұнда «Бастау» түлектері өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жылдық 6%-бен жеңілдетілген несие ала алады. 2021 жылы ауыл және шағын қала тұрғындары үшін қарыздардың ең жоғары мөлшері 7,2 млн теңгені, қала тұрғындары үшін – 18,9 млн теңгені құрайды. 

Кәсіпкерлерге  өз ісін дөңгелетуге көмектесетін тағы бір қолдау түрін  "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры"  ұсынады. Олар  "Еңбек" бағдарламасы бойынша  биыл  1,7 млрд.теңге бөліп отыр.

АБЫЛАЙ НҮРКЕНОВ, «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ  СҚОФ  ДИРЕКТОРЫ:

Осы жылдың басынан несиелендіру мал шаруашылыгына, кәсіпкерлікке, егістікке беріліп жатыр. Бүгінгі күнге "Еңбек" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландырылу жүргізілуде. Бүгінгі күнге 140 өтініш 457 млн.тенгеге қарастырылды, оның ішінде 114 несие алушыға 324,6 млн. теңге берілді. 

«Даму» қоры  «екінші деңгейлі банктердегі» кәсіпкерлердің несиелерін субсидиялауға және кепілдендіруге көмек көрсетеді.  2021 жылдың алғашқы жартыжылында   12 889 млн теңгенің 332 жобасы субсидияланды.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...