ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

«CLAAS» КОМБАЙНЫ КҮЗДЕ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ

20:34, 29 шілде 2021

Петропавлда ««Claas» зауытының құрылысы аяқталды. Мұндай  кәсіпорын елімізде тек біреу ғана. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған. 2022 жылы аяқтау жоспарланған болатын, бірақ құрылыс жұмыстарын мердігер белгіленген мерзімнен ертерек тәмамдады. Неміс компаниясының өкілдері тамыз айының басында келеді.  

Былтыр Береке шағын ауданында ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын немістің «Claas» компаниясының зауыт құрылысы басталған болатын. 38 жыл қаңырап тұрған ғимарат енді іске қосылып, онда комбайындар құрастырылмақ. Өндірістік аумақтың жалпы ауданы 7 гектардан асады.  

МҰРАТ ХАРСИЕВ, БАС МЕРДІГЕР:

- «Бұл өдіріс орнында комбайындар құрастырылып шығарылады. Әкімшілік ғимарат 1 мың шаршы метрді алып жатыр. Техникалық нысанда дәнекерлеу, бояу және компрессор цехы бар. Екінші қабатта электр және техникалық бөлімдер орналасқан. Тамыз айының басында Германиядан әріптестеріміз келіп құрылғыларын орнатпақ.  Ал 15-іне қарай олар  құрастыруды бастайды.»

Зауыд құрылысына мемлекеттік бюджеттен 1,6 млрд  теңге шамасында қаржы жұмсалды. Жобаны іске асыру өз кезегінде облыстық бюджетті 3 млрд теңгеге толықтыруға ықпал етті. 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.

МҰРАТ ХАРСИЕВ, БАС МЕРДІГЕР:

- «Бастапқыда біз 60 адамды жұмыспен қамтыдық. Дәнекерлеушілер, монтаждаушылар және электр мамандары бөлек бөлек қызмет атқарды. Ал қазір бізде тазалау жұмыстарымен 15 адам айналысады.»

Ауылшаруашылығы техникаларының алғашқы легін күзде шығару жоспарланған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...