ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

«COOL INFINITI» ЖШС ЖЫЛЫНА 300 ТЕРМОС-ВАГОН ЖАСАП ШЫҒАРМАҚШЫ

20:50, 15 қаңтар 2021

Петропавлдағы «COOL  INFINITI» машина жасау компаниясы биыл 300 термос- вагон жасап шығармақшы. Өндірісте екінші жыл кәсібін өрбітіп отырған серіктестік бұған дейін Петропавл ауыр машина жасау зауытымен бірлесіп жұмыс атқарған. Ал бүгінгі таңда компания  бөлек цех сатып алып өндірісін кеңейтуде.

Термос - вагон  ТМД мемлекеттері арасында тек қазақстанда ғана шығарылады. Сондықтан да көрші мемлекеттер арасында жоғары сұрнысқа ие. Өткен жылы кәсіпорын 52 вагон жасап шығарған. Әр вагон құны 40 млн теңге. Экспортқа шығарылған өнім сомасы 2 млрд теңге. Биыл цех күрделі жөндеуден өткізіліп өндіріс көлемін кеңейтпек.

АҚАН КАРИМОВ, «COOL INFINITI» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Биыл цехты күрделі жөндеуден өткізбекпіз. 20 мың шаршы метр аумақта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өнімнің біразын экспортқа шығарамыз. Бірақ өз еліміздің нарығын да ұмытпаймыз. Өткен жылы «Маслодел» компаниясы бізден 10 вагон сатып алды.»

Күрделі жөндеу жүргізілгенге дейін серіктестік айына 20-30  термос вагон жасап шығармақшы. Ал жөндеуден кейін өндіріс көлемі  жылына 1200 -ге артпақ. Кәсіпорында өңірімізден 100 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта жұмыс орны  150-180 ұлғаймақ. Жұмысшылардың жалақысы 170 мың теңге. Кәсіпорында вагон құрастыру жұмыстары  екі цехта жүргізіледі. Біріншісінде өнімнің негізгі бөліктері жасалса, ал екіншісінде термос вагонды құрастырып толықтай аяқтау жұмыстары жүргізіледі. 

КОНСТАНТИН БАБИН, ШЕБЕР:

- «Мына цехта вагонды  құрастырып аяқтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жерге бізге вагонның қабырғалары, төбесі, алдыңғы бөліктері яғни барлық негізгі бөліктері жеткізіледі. Біз олардың бәрін құрастырамыз. Термос вагондардың ерекшелігі ол тез бүлінетін азық-түліктерді  қалпында сақтайды. Суық және жылы ауаны жақсы ұстайды. Өнім мұнда 10 күнге дейін еш бүлінбей  сақталады»

«COOL  INFINITI» ЖШС-гі Қозыбаев университетімен студенттерді кәсіпорында тәжірбиеден өткізуге және өндіріс орны қызметкерлері оқу орнында тыңдалымдар жүргізуге  келісімшарт жасасқан.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
17:15, 8 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
Толығырақ...
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
20:37, 24 қыркүйек 2021
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...