ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ДАЙЫНДЫҚ АУЫЛЫ ҮЗДІКТЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА

20:38, 18 қазан 2021

«Үздік 30 ауыл» республикалық жобасы. Аққайың ауданындағы Дайындық ауылы да үздіктер қатарынан көрінді. ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған анықтамалық альбомға болашағы зор  ауылдармен қатар оны көркейтуге үлес қосып жүрген ел азаматтары да кірді. Солардың қатарында Біржан Шәймерденов те бар.

«Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомы ақын, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқанның бастамасымен жүзеге асты. Оған еліміздің 14 облысынан болашағы зор ауылдар кірді. Солардың қатарында Аққайың ауданы Дайындық ауылы да бар.

БІРЖАН ШӘЙМЕРДЕНОВ, «ДАЙЫНДЫҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Жуырда Нұр-Сұлтан қаласынан келдім. Өте қуанышты хабармен. Ауылымыз Үздік 30 ауылға кірді. Бізді марапаттады. Кітабын берді. Диплом берілді. Әрине оның бәрі оңай соққан жоқ. Біз 25 жыл бойы осы елге жұмыс жасап келе жатырмыз. Басында 25-ақ үй болған, қазір 80-ге жақындап қалдық. Әлі де үйлердің саны көбейетін болады.

Мұндай жетістікке қол жеткізу үшін Біржан Шәймерденов көп еңбек сіңірді. Жұмыс орындарын құрып, ауыл тұрғындарына жаңа үйлер салды.  Жас мамандарды баспанамен қамтып, ауыл ішілік жолдарды жөндеді. туған ауылында бұл жұмыстарды атқаруға  кәсіпкер жылда 200 млн теңгедей қаржы бөледі. Қазіргі таңда Дайындық ауылында 240 адам тұрады. Барлығы да жұмыспен қамтылған. Ал, өзге өңірлерден көшіп келгендерге Біржан ағамыз өз қаржысы есебінен үй салып береді. Мәселен, тек соңғы 3 жылдың іщінде елді мекенде 30-ға жуық үйдің құрылысы аяқталды. Жақында қосымша 6 үй тұрғындарға табыс етіледі.

БІРЖАН ШӘЙМЕРДЕНОВ, «ДАЙЫНДЫҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Үйлер саламыз, жолдар, мектепке жол салып, садик, спортзал салып. Бүгін мәнекей СТО ашып жатырмыз, мойша салып жатырмыз. Осы жерде үлкен складтар салынып жатыр. Егін жинағанда тасуға оңай болсы деп. Еліміз болғасын ақшаны есептемей ауылымызға салып жатырмыз.

Бұдан бөлек кәсіпкер осы ауылда туы-өскен жерлестеріне де көмек көрсетуді ұмытпайды. Марат және Күлбаршын Қуанышевтер Дайындық ауылында 40 жылдан бері тұрып келеді. 2 ұл мен 1 қыз тәрбиелеп өсірген. Ұлдардың екеуі де Біржан ағамыздың қол астында жұмыс істейді. Зейнеткерлердің үйлері әбден тозғандықтан, кәсіпкер оны бұзып орнына жаңасын салып берді.

КҮЛБАРШЫН ҚУАНЫШЕВА, ДАЙЫНДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біз 88-ші жылы кірдік осы үйге. Содан ол тоза бастады. Балалар келгеннен кейін тар болды. Сосын балалар барып Бірданнан сұрады салып берсеңіз деп. Ол кісі келісті. Бұрынғы үйіміз түсініксіз болды. Екі спальни больды, зал. Тар болды. Қонақтар келгенде сыймайтын.

Жүрегі «Ауылым» деп  соғатын азаматтың болашаққа құрған жоспарлары да зор. Жақында Дайындық ауылында қоғамдық монша ашылады, тойхана салу жоспарланған. Бұдан бөлек өзге өңірлерден көшіп келгендерді баспанамен қамтамасыз ету үшін тағы 6 үйдің құрылысын қолға алмақ.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
17:17, 30 қараша 2021
ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...