Облыста орақ науқаны аяқталды. Биылғы жаз ыстық, әрі құрғақ болды. Алайда өңір диқандары табиғаттың сынынан сүрінбей өтіп, егістік жерлерін дер кезінде өңдеп, өнімге қол жеткізе алды. Ең жоғары көрсеткішті Аққайын мен Қызылжар аудандарының шаруалары көрсетті. Мұндағы аграрийлер гектарынан 14,4 және 14 центнерДЕН АСТЫҚ алды. Есіл ауданында гектарынан 13 центнер өнім алынды. Ал өңірдегі орташа көрсеткіш 11 центнерді құрайды. Биыл дәнді дақылдар себілген 2 млн 994 мың гектардан жалпы 3 млн 288 мың тонна астық алынды. Майлы дақылдар 957,6 мың гектарға себілді. Бүгінге дейін олардың 82 проценті орылды. Орташа өнімділік гектарынан 6,2 центнер. Өткен жылы бұл көрсеткіш сәл жоғары 8,5 центнерді құраған. Картоп пен көкөністер 100 процент жиналды.