ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЕКІ АЙДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

17:15, 19 наурыз 2021

Облыста агрокешенді дамытудың 5 жылға арналған жол картасы әзірленіп жатыр. Оған әзірге 38 жоба енгізілген.  Ауыл шаруашылығы - экономиканың негізгі саласы. Өңірде инвестиция тартуда, өнеркәсіпте  өсім болғанымен, ауылшаруашылық саласының көрсеткіштері керісінше,  төмендеген.

Биыл құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімінен салыстырғанда 18,8 процентке көп.  Тұрғын үйді беру 11,4 процентке артқан.  Өнеркәсіп нысандары  ақпан  айында  9,7 процентке өнімін көп шығарды. инвестиция көлемі де өскен. Алайда ауылшаруашылық пен  бөлшек сауда көрсеткіштері төмендегені байқалады.   Бұл негізінен құс тұмауынан зардап шеккен фабрикалардың және бұған дейінгі карантин шараларының  әсері.  

АСҚАР САҚЫПКЕРЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазір жасыл аймақтамыз.  Бизнес нысандары мен өнеркәсіп орындары жұмысқа кірісті.  Жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр. Жағдай көп ұзамай қалпына келуі тиіс. Жаңа жұмыс орындарының 46 проценті шағын және орта бизнесте ашылды. 

Облыста құс тұмауының салдарынан құс саны 27 процентке азайды. Кәсіпкерлер мен тұрғындарға өтемақы төленді.  Фабрикалар бұл қаражатқа  құс сатып алып, саланы қайта жандандырып жатыр. Айталық «Алекри» кәсіпорны екі айда 320 мың жұмыртқаны нарыққа шығарды.  Жалпы екі айда  өңір табысы жоспарланған соммадан 2,5 млрд теңгеге асып, 10,4 млрд теңгені құрады.   2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспар  бойынша  негізгі бюджетке жыл сайын  100 млрд теңге қосылып отырады.  Қаражат  өңір үшін маңызды салаларға жұмсалады.   

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Алдағы 5 жылға агрокешенді дамыту Жол картасы құрылып жатыр. Бүгінге дейін 38 жоба енгізілді. Облыс әкімі саланы дамытып, экономиканы көтеру үшін әлі де жаңа жобалар қажет дейді. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жамбыл, М.Жұмабаев, Мамлют пен Шал ақын аудандары картаға  бір-бір жобадан ғана ұсынды. Бұл өте аз. Есіл, Тимирязев пен Қызылжар екі жоба әзірледі.  Айыртау ауданы 7 жоба дайындап жатыр.  Мүмкіндігі зор екі аудан Тайынша мен Ғ.Мүсірепов небары 4 жобаны ғана ұсынды.  Өңірге ауқымды қаражат бөлінеді, енді жұмыс істеп, жаңа кешендер ашуымыз керек. Ауылшаруашылықты дамытып, экономиканы көтеру қажет. 

Солтүстік Қазақстанның жері өзен-көлдерге бай. Алайда балық өндірісі дамымаған. Өңір басшысы жаңа жобаларды осы бағытта құруға ұсыныс берді.  Өнеркәсіп нысандары екі айдың ішінде 48,5 млрд теңгенің өнімін шығарып, 10 проценттік өсімді қамтыды. Өткен жылы атқарылған дайындық жұмыстарының нәтижесінде тапсырыс көлемі 3 есеге ұлғайды. 

-  Тапсырысты көбейту үшін зауыттар азаматтық өнімге ден қоюы қажет. Қазір мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдау жақсы. Осының арқасында тапсырыстар да пайда болып жатыр. Алайда, мемлекет не береді екен деп қарап отырмай, өз күндеріңді өздерің көрулерің қажетсіңдер. Осы орайда Киров атындағы зауыттың компьютерлерін айтуға болады. Халық күнделікті  тұтытанын компьютерлер мен планшеттерге сұраныс бар. Тіпті интернет дүкендер арқылы өнімдерін саудалай бастады. 

Жиын барысында зауыттардың басшыларымен өндірістік мәселелер талқыланып,  оларды шешу амалдары қарастырылды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
17:15, 8 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
Толығырақ...
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
20:37, 24 қыркүйек 2021
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...