ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІН ЗАҢСЫЗ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР МА?

13:10, 10 тамыз 2021

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі кеңеске бизнес субъектілері шағымдарымен жүгінді. Олар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы тарапынан заңсыз тексерулерді тоқтатуды сұраған. "Севстройнадзор" ЖШС басшылығының сөзінше, мемлекеттік органның талаптары жөнсіз. Мәселенің мәні келесі бейнематериалда. 

Соңғы 2 айда "Севстройнадзор" ЖШС басшылығы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңеске 4 рет жүгініпті. Себеп бір, негізсіз тексерулер.Аталмыш ұйым бірнеше жылдан бері сәулет және құрылыс нысандарын сараптаумен, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеумен айналысады. Компания өкілі  Олег Хрупиннің айтуынша, дәл осы құжаттар мемлекеттік органның көзіне ілініп, тексерулер басталған. Ол облыстық МСҚБ және лицензиялау қызметкерлері бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді бұзып жатыр, дейді.  

ОЛЕГ ХРУПИН, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

Бұл мәселе бойынша бірнеше отырыс өтіп, қаралды. Тек мемлекеттік органның өкілдері бір рет болсын сол отырыстарға қатысқан жоқ. Бұл факті бойынша шағымдар облыс әкімінің атына жазылды.    

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерін тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалау тоқтатылған. Ал, кәсіпорынның қызметі халықтың өмірі мен денсаулығына жаппай қауіп төндіретін жағдайларда ғана бұл заң күшін жоймақ.

АЙДОС КЕНБЕЙІЛОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің алаңында МСҚБ өкілдері болған жоқ. Тиісінше, бүгінгі таңда тексерулерді тағайындау заңдылығын анықтай алмадық. Бірақ аталған факті бойынша біз облыс әкімінің атына "Севстройнадзор" ЖШС тексеруді тағайындау туралы шешімді ұсыну немесе растау туралы өтініш дайындадық.

ИНЕССА КУАНОВА, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз  облыс әкімінің атына хат жазып отырмыз. Өйткені жыл басынан МСҚБ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бірнеше мәрте заңсыз тексерулер жүргізді.  Бұл дұрыс емес, шұғыл түрде тоқтату қажет.

Мемлекеттік органның әрекеттері заңды емес деп таныла ма, жоқ па әзірге белгісіз.

 Жанбота Естайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
17:15, 8 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
Толығырақ...
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
20:37, 24 қыркүйек 2021
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...