ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ЕСІЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ 13 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

20:35, 17 мамыр 2021

Есіл ауданында  биыл 13 жобаны іске асыруға 1,6 млрд теңге мөлшерінде бюджет қаражаты бөлінді. Ауданда мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар саны артқан. Еңбекақы көлемі де артқан. 2020 жылы аудан бойынша орташа еңбекақы 146 мың 800 теңгені құрады. Білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет және басқа да салалар жақсы дамып келеді.

Есіл ауданында  2020 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 53 млрд 40 миллион теңгені құрады. Ауданда былтыр егіс көлемі 2,6 мың га ұлғайып, 273,6 мың гектарға жеткен.

АЛТЫНБЕК АБДОЛЛАЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Биыл жалпы егіс алқабы 275 мың гектарға жетті. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жыл сайын машина-трактор паркін жаңартып жатыр. Былтыр 4,5 млрд.теңгеге 311 ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары сатып алынды. Қазіргі таңда 917,5 млн теңгеге 167 техника жеткізілді. Биыл жыл басында мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының саны 41-ден 68-ге дейін өсті, бұл - жалпы ауылшаруашылық құрылымдарының 26,5% -ы.»

Сүт өндірісі 6,9 пайызға артып, 34,3 мың тоннаны құрады. Ет өндірісі де биыл 100 пайызға артқан. Биыл «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС базасында 1500 бас сиырға арналған сүт фермасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда   жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатыр, жер учаскесі бөлінді.

АЛТЫНБЕК АБДОЛЛАЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  «Германиядан 680 бас симментал тұқымын әкелу жоспарланған, фермада жылына 4000 тонна сүт өндіріледі, 30 жаңа жұмыс орны ашылады.  2022 жылы пайдалануға беріледі. Аудан қой шаруашылығын дамыту бағдарламасына қатысады. Саланы екі бағытта дамыту жоспарланып отыр: Біріншісі - асыл тұқымды мал сатып алуға тауарлық несие беру. Екіншісі - қорасында 50-100 қой ұстай алатын тұрғындарды қолдау.»

Өсімдік шаруашылығы саласында 2 инвестициялық жоба іске асырылмақ. «Азия-Тораңғұл» ЖШС де дәнді және майлы дақылдар сақтайтын қойманың құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнда астық өнімдерін қабылдау, тазарту, кептіру, сақтау және жөнелту пункті орналасады. Жоба құны1 миллиард теңге. Жыл соңына дейін ауданға шамамен 8,2 миллиард теңге инвестиция  тарту жоспарланып отыр. Ауданда сонымен қатар кәсіпкерлік те қарқынды дамып келеді. Соңғы 4 жыл ішінде 18 кәсіпкерлік нысан ашылып, 49 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

2020 жылы аудан аумағында жалпы сомасы 1 миллиард 438 миллион теңгеге 33 шақырымнан астам жол жөнделді.  6 көпқабатты үй орталық жылыту жүйесіне қосылды.

АЛТЫНБЕК АБДОЛЛАЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Еңбек бағдарламасы бойынша 253 млн теңгеге 36 тұрғын үй салынды. «Ауыл -ел бесігі» бағдарламасы аясында спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Нысан биыл қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Балалар ойын алыңқайлары, көше тренажерлары, шағын футбол алаңдары салынып, бірқатары жөндеуден өткізілді. Мұның барлығына  63,5 млн теңге жұмсалды.»

Ауданда сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамытуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға да көп көңіл бөлінген.  Биыл 19 млн теңгеге медициналық құрал-жабдық сатып алу жоспарланған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛДЫ
17:15, 21 қазан 2021
ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛД...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13:02, 20 қазан 2021
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...