ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ХАЛЫҚТЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

17:17, 14 шілде 2021

Жырға айналған ауыз су мәселесі. 2018 жылы салына бастаған Соколов топтық су құбыры әлі іске қосылған жоқ. «Өз жұмысын жоспарға сай, уақытылы аяқтамаған жауапты мердігер компаниямен келісімшартты бұзып, сотқа беру керек», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. Бүгін облыстық әкімдікте жиын өтіп, өңірдегі ауыл халқын сапалы тіршілік нәрімен қамту мәселесі көтерілді. Түрлі сала жетекшілері бас қосқан отырыста ҰБТ нәтижесі де талқыланды.

Өңірде 600-ден астам ауыл бар. Оның 402-сі таза ауыс сумен қамтылған- дейді жауапты мамандар. Ал, 205 елді мекенде су тарату желісі іске қосылған. Бірақ әлі күнге дейін тіршілік нәрі жетпеген ауылдар жетерлік.  Олардың саны 40-қа жуықтап қалады. Бұл саладағы жұмыстар жүріп жатыр, дегенмен түйткілдер көп. Мысалы, құрлысы 2014 жылы басталып 2018 жылы аяқталуы тиіс болған Преснов топтық су құбырының 2-ші кезеңі биыл ғана іске қосылды. Ал, 2018 жылы салына бастаған Соколов топтық су құбыры әлі күнге дейін пайдалануға берілмеді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

  • Соколов топтық су құбыры проблемаға айналды. Неге өз ісін уақытылы аяқтамаған жауапты мердігер компанияниямен келісімшартты бұзып, сотқа бермейсіздер? Су шаруашылығы комитеті қайда қарап отыр? Бұл мәселені бақылауға алу керек.

Ендігі кезекте Преснов топтық су құбырының 1-ші кезеңін іске қосу жұмыстары қолға алынбақ. Нәижесінде 20 мың тұрғыны бар 15 ауылға тіршілік нәрі жетеді. Бұл бағыттағы шаруа 2021-2022 жылдарға арналған. Биылға қарастырылған қаржы көлемі 11 млрд теңгеден асып жығылады. Жиында ҰБТ нәтижесі де талқыға түсті. Биыл өңірімізден 3400 түлек тестілеуден өткен. Ең жоғарғы көрсеткіш 133 балды құрапты.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

  • Биыл ҰБТ Петропавл мен екі аудандық орталықта орналасқан 3 пунктте өткізілді. Шалғайдағы ауыл балаларын тестілеу пункіттеріне жеткізу үшін 120-дан астам көлік қарастырылды. Биылғы қатысушылар саны былтырғыға қараған айтарлықтай көп. Оқушылардың жинаған жалпы орташа балы 74,8 баллды құрады. Бұл республикалық көрсеткіштен  5 баллға жоғары.

Жыл сайын ҰБТ қатысатын оқушылардың саны артып келеді. Оған себеп оқу орындарындағы гранттар санының артуы. Мысалы биыл Қозыбаев уаниверситеті үміткерлерге 4000-нан астам грант қарастырып отыр.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
13:01, 27 қазан 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛДЫ
17:15, 21 қазан 2021
ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...