ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

17:16, 22 ақпан 2022

 Облыста 2019 жылдан бастап «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік бағдарлама отандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Осы күнге дейін жалпы сомасы 62 миллиард теңге болатын 191 жоба қаржыландырылған. Мемлекет қолдауын «ЭкоМол Сергеевка» серіктестігі де пайдаланып, табиғи сүт зауытын ашқан. Әріптесім Нұрбол Балғабеков сабақтасын. 

 «ЭкоМол Сергеевка» серіктестігі 2019 жылдың қаңтарында ашылды. Бүгінде зауыт тәулігіне 10 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Мұнда сүт, қаймақ, іркіт, ірімшік және сары май шығарылады. Кәсіпорынды жас кәсіпкер Альбина Рашитова ашқан. Осылайша ол 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.

 АЛЬБИНА РАШИТОВА, «ЭКОМОЛ СЕРГЕЕВКА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

 - «Қажетті жабдықтар алу үшін «Даму» қорының кепілдігімен «Сбербанк» арқылы 20 миллион теңге мөлшерінде несие алып, армандаған ісімді бастадым. Оған субсидия берілді. Алғашында тәулігіне 5 тоннаға дейін сүт өңдей алатынбыз. Қазір оның мөлшері 10 тоннаға дейін жетті. Күн сайын өнімдеріміз жергілікті дүкен сөрелеріне жеткізіледі. 2021 жылы «Қарапайым заттар экомикасы» бағдарламасы аясында «Сбербанк» арқылы тағы 30 миллион теңге көлемінде несие алдым. Осы жылы зауытты кеңейтеміз.»

 Серіктестік директоры Альбина Рашитованың сөзіне қарағанда, биыл кәсіпорын тәулігіне 20 тоннаға дейін сүт өнімдерін өңдеуді жоспарлап отыр. Жалпы 2019 жылдан бастап өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 62 миллиард теңгенің 191 бизнес-жобасына қолдау көрсетілген.

 ЖАННА КОНКАРОВА, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

-  «Сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Даму» қорымен бірлесе отырып, бизнес-жобаларды субсидиялау және кепілдендіру бойынша қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, соңғы 3 жылдың ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы «Даму» қорының кепілдігімен жалпы соммасы 33,6 миллиард теңге болатын 46 жоба қаржыландырылған.  »

 Айта кетейік, 2022 жылы мемлекет бизнес-жобаларды субсидиялауға 1 миллиард теңге бөлген. Ал кепілдендіруге 45,7 миллион теңге қарастырылған.

Нұрбол Балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар