ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ШАРУАШЫЛЫҚ БАСШЫЛАРЫ ХАЛЫҚТАН ҚАШЫП ӘЛЕК

13:01, 24 ақпан 2022

Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында Құмар Ақсақалов тұрғындармен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кезекті кездесу өткізді. Округте 2 ірі кәсіпорын жұмыс істейді, бірақ жергілікті тұрғындардың жағдайы үшін жасалып жатқан жұмыс аз деді, өңір басшысы. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Жамбыл ауданындағы ірі ЖШС бірі – «Атамекен-агро». Олардың егіс алқабы тек Жамбыл ауылдық округінде ғана 13 мың гектарды құрайды, серіктестік басшының айтуынша, орташа еңбекақы 173 мың теңге. Кәсіпорын жергілікті тұрғындарды жем-шөппен қамтамасыз етеді, оған қоса өз қызметкерлеріне көмір мен отын береді. Серіктестікке 900-ден астам адам өз пайын сеніп тапсырған. Бірақ басым бөлігі әлі күнге өткен жылғы үлесін ала алмай жүр.

САЯН АДЫРАҚОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Басқа аудандарды алсақ, мысалы Есіл ауданы әр отбасына ұн береді. Пайдан бөлек. Ал бізде не ұн жоқ, не жем жоқ. Қайсысына жеткіземіз сонда. Осыған жауап беріңізші.

САЙЛАУБАЙ ӘУБӘКІРОВ, «АТАМЕКЕН-АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Пайшыларға біз әлеуметтік көмек көрсетеміз. Яғни, біз пайшыларға әр гектарға 2 мың теңге төлейміз. өз үлестеріңізді бүгіннен бастап ала берулеріңізге болады. Ал, 2022 жылға байналынысты ештеңе айта алмаймын, өйткені бұл егіс алқаптарының өнімділігіне байланысты.

Кәсіпкердің жоспарында 2022 жылы мектепті күрделі жөндеуге қаржылай көмек көрсету, ескі су  желісін жаңасына ауыстыру тұр. Сондай-ақ, халықты жемазықпен қамтамасыз етіп, қысқы және жазғы кезеңде жолдарды күтіп ұстауға көмектеспек. Жұмысшылардың да еңбекақысын көтеру жоспарда бар. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Халықпен кездесіңдер деп тапсырма берген едім. Әрбір ауылда. Атқарған жұмыс 2021 жылғы, қандай сұрақтар шешілгенін, қандай проблема бар екенін, болшақта қалай жұмыс істейтінімізді халлыққа түсіндіру керек дедім. Қазір әрбір ауылда өтіп жатыр. Заң бар арнайы халықтың алдында есеп берілуі керек. Жер алдың ба, жер мемлекеттікі, мемлекет ол халық.

Жылдық есеп беру бойынша кездесулердің мақсаты да осы, кәсіпкер өз уәделерін орындады ма, жоқ па, соны көру. Мұндай кездесулер сирек өткізіледі, ал өткізсе, одан тұрғындардың көпшілігі бейхабар.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өкінішке орай, шаруашыықтардың басшылары халықтан қашып әлек. Бұл туралы тікелей айту керек. Халыққа есеп бергісі келмейді. Сондықтан, оларды мұндай жиын өткізуге шақырып отырмны. Мәселен, өткен жылы қалай жұмыс істедіңіздер, серіктестік қанша пайда тапты. Егер өткен жыл қиын болса, онда қиындықтар шынымен де болды деп халыққа  айтып отыру қажет.

«Алисарай» аудандағы екінші ірі серіктестік. Облыс басшысы бұл кәсіпорынның да көптеген кемшіліктері бар екенін атап өтті.  Биыл кәсіпорын директоры кітапханада және медициналық орталықта жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде берді. Оған қоса, қазір ЖШС тиесілі бір ғимаратты қалпына келтіріп, оны жергілікті әкімдікке бермек. Өңір басшысы 2022 жылдың соңында ауданға тағы келіп, жоғарыда аталған  барлық уәделердің орындалғанын тексеретінін айтты.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар