ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»

17:15, 28 қазан 2021

Қарапайым заттар экономикасы  жобасытұрмысқа қажетті заттардың  нарығын жергілікті өніммен қамтып,  импорттың үлесін азайтуға негізделген. Оған тоқыма өнімдері, жиһаз және тағы басқасы жатады. Облыс әкімдігінің отырысында қарапайым заттар экономикасы біздің өңірде қалай жүзеге асырылуы талқыланды.

Бүгінгі таңда «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында  188  жоба іске асты. Жұмсалған қаражат 56 млрд теңгеден асады. Ел бойынша біздің облыс 4 орында тұр. Өңір тұрғындары көбіне агроөнеркәсіп секторындағы бизнесті дамытуға несие алады. Жаңа өндірістер бойынша 12 жоба жоспарланған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жоғарыда аталып өткен 188 жобаның, 39-да қосымша жұмыс орындары қарастырылмаған. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуден бас тартса, мұндай жобаларға бұдан былай қаржы бөлінбесін. Аудан әкімдіктері мен кәсіпкерлер палатасы осы мәселеге назар аударуларыңызды сұраймын.

Кәсіпкерлерлдің басым бөлігі  облыс орталығында жұмыс істейді.  25 жобаның барлығы  қаржы ұйымдарының қолдауына ие болды.  Аудандардың арасында  Мамлют және  Қызылжар лықтар  белсенді.  Мұнда 17 жобадан іске асырылып жатыр.  Алайда көштің соңында жүргендер де бар. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өткен жылы Есіл ауданында тек 924 млн теңгенің 7 жобасы ғана қаржыландырылды.  Биыл бір де бір жоба жоқ.  Уалиханов және Шал ақын аудандары да нашар жұмыс істеп жатыр.   Үшінші тоқсанның қорытындысына қарасақ Тимирязев  пен Ғ.Мүсірепов атындағы аудандар да жобаға  ешқандай қызығушылық білдірмеген. 

Жиын барысында мемлекеттік сатып алу жағдайы да назардан тыс қалмады..  Бүгінге дейін жалпы сомма  220 млрд теңгені құраған.  Мемлекеттік сатып алу жүйесі ашық, ал кәсіпкерлер үшін  бәсекелестік орта тудыруы қажет.    Сондықтан бір жерден сатып алу тәжірибесін барынша азайту қажет. Сонымен қатар,  Құмар Ақсақалов  басымдықты жергілікті компанияларға беруді  тапсырды. .

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Тиісті көрсеткіштерге қол жеткізбеген салаларды сараптау керек.  Сатып алынатын заттар мен бұйымдар барынша біздің өңірде жасалуы тиіс.  Жергілікті бизнесмендерге бұл үлкен қолдау болмақ. Бұл құрылыс материалдары, азық-түлік өндіруге, фармацевтика, және тағы басқа салаларға қатысты.

Өңір басшысы мониторинг жүргізіп,  облысқа қажетті өндіріс ошақтарын ашуға септесуді тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
17:17, 30 қараша 2021
ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...