ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

"КЛЮЧЕВОЕ" ЖШС АУЫЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАСАП ОТЫР

13:04, 5 қараша 2021

Есіл ауданындағы "Ключевое" ЖШС 20 жылдан астам дәнді-бұршақты дақылдарды өсірумен айналысады. Ісі өрге басқан шаруашылық жылда жақсы өнім алып келеді. Ауылдың әлеуметтік дамуына да өз үлесін қосқан. Жақында серіктестік директоры Саип Байдуев қауіпті вирустан қайтыс болды. Өмірден ерте озған білікті басшыны әріптестері мен ауыл тұрғындары жылулықпен еске алды.

"Ключевое" ЖШС 2001 жылы құрылған. Шаруашылықтың 4,5 мың гектар егістік алқабы бар. 30-дан астам адам еңбек етеді. Бұл комбайншылар, тракторшылар, механизаторлар және ағаш өңдеуші мамандар. Жақында  шаруашылық басшысы қауіпті дерт – коронавирустан қайтыс болды. Саип Байдуев "Вайнах" шешен-ингуш мәдени орталығының жетекшісі де болды. Әріптестері марқұмның бастаған ісін жалғастырып келеді. Індет пен ауа-райына қарамастан орақ науқаны уақытында аяқталды.

МАЙРУДИ БЕКСҰЛТАНОВ, "КЛЮЧЕВОЕ" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «..Өздеріңіз білетіндей, біз өз басшымыздан айырылдық. Бірақ осындай орны толмас қазаға қарамастан жұмысты одан әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз. Ол бастаған кәсіпті сақтап, көркейтуіміз керек."

Саип Байдуев миллиондаған қарызы бар шаруашылықты қарамағына алып,  оны дамыта алды.Сонымен қатар жергілікті халықтың жұмыссыздық мәселесін шешіп, ауылдың дамуына септесті.  

ВИКТОР САВИЦКИЙ, "КЛЮЧЕВОЕ" ЖШС МЕХАНИЗАТОРЫ:

- «..ЖШС-да 10 жылдан астам жұмыс істеймін. Жұмыс жаман емес, қыста да қол қусырып отырмаймыз. Техника үнемі жаңартылып отырады. Егіс кешендері жаңа. Жалақы жыл сайын өсіп келеді

ФАРХАТ ҚОҢҚАШЕВ, "КЛЮЧЕВОЕ" ЖШС ЖҰМЫСШЫСЫ:

"...Биыл егін жинау науқаны ауа-райына байланысты қиын өтті. Бірақ біз оны сәтті аяқтадық. Жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған, жалақы ай сайын, әрдайым уақытында төленеді. Біз директордан айырылдық. Жақсы азамат еді.

Серіктестік өзінің негізгі жұмысынан бөлек агроөнеркәсіптік саланы дамытуды қолға алды. Сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін демалыс нысандарын ретке келтіріп, жолдарды жөндеп жатыр.

Әміре Ақбатай

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...