ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ФАНЕР КОМБИНАТЫНА БАРДЫ

17:20, 23 ақпан 2022

"Солтүстік фанер комбинаты" ЖШС толық қуатында жұмыс істеуге қауқарсыз. Басты себеп - шикізат жетіспеушілігі.  Бұл мәселемен зауыт өкілдері кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Бір жыл ішінде кәсіпорын қарқын алып, Қазақстандағы дамып келе жатқан кәсіпорындарының біріне айналды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары комбинатта болып, кәсіпорынның мәселесіне қанықты.

" Солтүстік фанер комбинаты " ЖШС — бұл еліміздегі суға төзімділігі жоғары ерекше ламинатталған үлкен форматты фанерді өңдіруші ең ірі зауыт . Бір жыл ішінде кәсіпорын 10 мың текше метрден астам өнім шығарды. Бірақ толық қуатпен жұмыс істеу мүмкін емес, кәсіпкерлер шикізатты шетелден сатып алуға мәжбүр.

 Әлібек ӘШМЕТОВ, СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры:

- 100% шикізаттың 60-ы импорттық және 40-ы жергілікті. Экология министрлігі 10 жылда бір рет орман шаруашылығына түгендеу жүргізіп отырады, ол 22 жылға дейін созылады.Орман пайдаланушылар үшін тендерлер ойнатылмайды сондай-ақ орман өнімдері де сатылмайды.

 Мәжіліс депутаттары зауыт жұмысымен танысты. Кәсіпорында 150-ге жуық адам қызмет етеді. Өндіріс қуатын арттыру үшін шикізаттан басқа қажеттінің бәрі бар. Кәсіпорын басшылығы жыл сайын 18 мың текше метрге дейін фанера шығаруды жоспарлап отыр.

 Ерлік ТАЙЖАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жасыл желектерді оңды-солды кессек экология мәселесі туындайды ғой. Тағы бір мәселе-бұл шикізатты сату мен сатып алу кезінде делдалдардың көптігі. Мұны Атамекен, жергілікті билікпен бірге шешуі тиіс.

 Бұл кәсіпорынның болашағы зор, бірақ оны дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы керек, деп есептейді мәжіліс депутаттары. Өткен жылы шикізаттың жоқтығынан фанер зауыты 2 ай бойы жұмыссыз тұрған.

 

Алдияр Жылкайдаров

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар