ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

20:48, 15 желтоқсан 2020

Қызылжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы көңіл қуантады. Биыл мұнда 300 орынға шақталған жаңа мектеп қолданысқа беріліп, көпқабатты үйлер салынып жатыр. Әлеуметтік нысандардан бөлек баспаналар де орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Оңтүстік өңірлерден қоныс аударғандардың саны артып жатыр. Оларға 55 үй тұрғызылды.

Қызылжар ауданында 19 ауылдық округ пен 69 елдімекен бар. Биыл ауданның бюджеті біршама өсіп, 12,5 миллиард теңгені құрады. Жалпы Бескөл ауылының оңтүстік - шығыс бөлігінде 3,5 мыңға жуық халық тұрады. Осы жылы шағын ауданда тұрғындардың өтініші ескеріліп, 300 орынға шақталған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасына соңғы үлгідегі заманауи жабдықтар қойылды.  Сонымен бірге әлеуметтік нысандар да жөнделіп жатыр. 

ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 

« Биыл облыс әкімінің қолдауымен Қызылжар ауданының барлық дерлік ауылдарында жұмыстар жүргізілді. Әсіресе, әлеуметтік нысандарға көп көңіл бөлінді. Мысалы, аудандағы 25 жалпы білім беретін орта мектептің 19-ы күрделі жөнделді»

Бұдан бөлек ауданда денсаулық сақтау саласы да жақсы дамып келеді. Биыл Петерфельд, Боголюбово және Знаменское ауылдарындағы медициналық мекемелер жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылған. Электр қуатының жетіспеушілігі мәселесі де шешіліп жатыр.

ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 

«Жалпы Қызылжар ауданында 15 мың аула бар. Бүгінде оның екі жарым мыңы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Сондай-ақ, 12 мың аула сапалы ауызсумен қамтылды. Мұнымен қоса, ауданда 3 трансформатор қондырғысы орнатылды. Келесі жылы тағы 5 осындай қондырғы қойылады. Осының арқасында қарапайым тұрғындар 100 % сапалы электр қуатымен қамтылады. Оған қоса, биыл Кондратовка, Затон және Асаново ауылдарында электр беру желілері ауыстырылды. Оған 120 млн теңге қаржы жұмсалды.»

Биыл Бескөл ауылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасына қатысты. Нәтижесінде аудан орталығындағы 22 шақырым жолға асфальт төселді. Оған қоса, 60 млн теңгеге көшеге шамдар орнатылды. Ал келер жылы жұмыстар жалғасын тауып, аудандағы 1500 көшенің шамы ауыстырылады. Сонымен бірге ауданның бірқатар мектептері мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында кәсіпкерге берілсе, жақында олардың қатарына Бескөл ауылының мектеп гимназиясы өтпек. Ауданда шағын орта бизнеспен айналысатындардың саны өсті. Оған қоса, сүт фермалары да көптеп салынуда. Жалпы соңғы үш жылда 4  мыңға жуық жұмыс орны ашылған екен.  

ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Сондай ауыл шаруашылығы саласына да көп көңіл бөлінеді. Бүгінде бізде 12 сүт тауарлы фермасы бар. Оның 7-еуі заманауи. Келесі жылы Чапаево, Якорь және Малое Белое ауылдарында да осындай фермалар ашылады. Бұған дейін ауданда 1600 бизнесмен болған еді. Биыл тағы 50 жеке кәсіпкер өз істерін ашты.»

Сондай-ақ, Бескөл ауылының көпқабатты үйлері орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылып жатыр. Осылайша тұрғындардың өмір сүру деңгейі жақсарып жатыр. Екі жылдың ішінде мұндағы 85 көп қабатты үйдің 56-сы орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылды. Жалпы, Бескөлде 800 абонент бар.

ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Тұрғындар жыл сайын отын мен көмірге шамамен 120 мың теңге жұмсаушы еді. Әсіресе зейнеткерлер көп қиындық көрді. Себебі пеш жағу күш пен көп уақытты алатын. Қазір шығын екі есеге азайды. Үйдің іші жайлы әрі жылы. Келер жылы бұл жұмыс міндетті түрде жалғасады. Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданындағы мектепті де жылумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.»

Ауданда «Еңбек» бағдарламасы да тиісті деңгейде орындалып жатыр. Еске салсақ, өткен жылы ауданға 39 отбасы көшіп келсе, биыл 50 үйелмен қоныс аударды. Соның арқасында ауылдардағы мектептер жабылмай, керісінше оқушылар саны артқан. Олар үшін 55 тұрғын үй тұрғызылды. Қазір оңтүстіктен келген ағайындарымыз тұрақты жұмыспен қамтылып жатыр. Сондай-ақ, Подгорное елдімекенінде тәулігіне 150 мың кірпіш шығаратын зауыт салына бастады. Жоба құны- 1,5 млрд теңге. Кәсіпорынның құрылысы келер жылдың мамыр айында аяқталмақ. мұнда 60 адам еңбек етеді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар