ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДАҒЫ АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТЫ ЖАБЫЛУ АЛДЫНДА ТҰР

20:38, 28 ақпан 2022

Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі асфальт-бетон зауыты жабылуға шақ тұр. Облыстық кәсіпкерлер палатасына «Норд Жолдары» ЖШС-і  шағым айтып, көмек сұрады. Серіктестік басшылығының сөзінше жер инспекциясы оларға қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізіп,  кәсіпорынның ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқанын жеткізді. Сол себепті бұл жерде кәсіп жүргізуге рұқсат жоқ. Мәселенің анық-қанығын арнамыздың түсірілім тобы біліп қайтты.

Қызылжар ауданы Подгорное ауылының маңындағы асфальтбетон зауыты үшін бөлінген учаске ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқаны анықталды. Кәсіпкер бұл учаскені сатып алып, зауытты салу үшін банктен несие алған. Енді кәсіпорынды бұзу қауіпі бар.

ОЛЕГ ХРУПИН, ЖШС ӨКІЛІ:

-  Жер инспекциясы департаменті табиғатты қорғау прокуратурасының өтініші бойынша тексеру жүргізді. Ең қызығы құзырлы органды тек осы кәсіпорынның олрналасқан жері қызықтырып отыр. Егер сіз осы жердің аумағына назар аударсаңыз, онда ол көптеген елді мекендерді де, мал шаруашылығы мен сүт фермалары орналасқан елді мекендердің жерлерін де қамтиды.

Смирнов ауылының маңында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ауданы 240 мың гектарды құрайды. Ол Аққайың ауданының, Қызылжар және Есіл аудандарының аумағын қамтиды. Бұл аумақта 20-дан астам елді мекен бар. Осы аумақты ерекше қорғалатын аймаққа теңестірген жер инспекциясы департаментінің ұстанымы бойынша, мұнда елді мекендер болмауы керек.

АЙДОС КЕҢБЕЙІЛОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ  БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

-  Осы 240 мың гектар жерде Смирново, Астраханка, Рублевка, Подгорное, Трудовая Нива, Чапаево ауылдары орналасқан. Әрине, бұл елді мекендерде жер учаскелерін сатып алған кәсіпкерлер де бар. Яғнги бұлардың да жұмысына қауіп төніп тұр.  

Облыстық кәсіпкерлер палатасы  кәсіпкерлерді қолдап отыр. Енді сероіктестіктің заңгерлері сотқа аппеляциялық шағым беруге ниетті.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар