ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

13:04, 13 қыркүйек 2021

Облыстық мәслихат депутаттары Жамбыл ауданында болды. Депутаттар ауданның экономика, экология, бюджет салаларындағы мәселелеріне назар аударып, ауыл шаруашылығының даму барысымен де танысты. Жамбыл ауданында қазір бірнеше мал шаруашылығы фермаларының құрылысы жүріп жатыр. Индира Ахатқызының сюжетіне назар аударайық.

«Агротехника Жамбыл» ЖШС-де егін жинау науқаны аяқталуға жақын. 2021 жылы  серіктестік 12,5 мың гектар алқапқа егін сепсе, оның жартысынан көбі жиналды. Ауыл шаруашылығынан бөлек, серіктестік мал шаруашылығымен де айналысады.

ОЛЕГ ГРИГОРЬЕВ, «АГРОТЕХНИКА ЖАМБЫЛ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі күнде біз арпаны жинап болдық. Қазір зығыр мен бидайды орып жатырмыз. Келесі аптада рапс алқаптарына ауысамыз. Егін орағында қазір күнделікті 12 комбайн жұмыс істейді.

Жамбыл ауылында 600 бас ірі қара малға арналған «Алисарай» сүт-тауар фермасының құрылысы жүріп жатыр. Заманауи сүт-тауар фермасына 5 гектар жер бөлініп, 650 млн теңге несие берілген.

АРМАН ҚАСЫМҒОЖИН «АЛИСАРАЙ» ЖК БАСШЫСЫ:

Біз толығымен сүт тауарына көшкіміз келеді. Жоспарда бар. Асыл тұқымда ірі қараны жыл сайын сатамыз. Биыл 200 бас саттық, бірақ сүт тауар өндірісіне көшуді жөн көріп отырмыз, себебі мұнда жұмыс орындар пайда болады.

Ал бұл «Атамекен Агро» ЖШС-нің асыл тұқымды ірі қараны өсіруге арналған кәсіпорынның құрылысы. Шаруашылық абердин ангус тұқымды 750 ірі қараны сатып алуды жоспарлап отыр.

САЙЛАУБАЙ ӘУБӘКІРОВ «АТАМЕКЕН АГРО» ЖШС БАСШЫСЫ:

-  Құрылысқа жұмсалған 475 миллион теңге - бұл өз қаражатымыз. Электр қуатын өзіміз тарттық, жер өзімізден. Қосымша тағы 15 адам жұмысқа орналастырылады.

Ауылдық жерлерде ел халқының 42% - ға жуығы тұрады. Ауыл шаруашылығының дамуы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына тікелей әсер етеді.

АЛТЫНБЕК САПАРОВ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Жастар ауылда қалуы үшін, аулыды дамыту керек. Үйлердің құрылысын, фермалардың құрылысын көбейтіп, дамыту керек. Сонда бұл жерде жаңа жұмыс орындары да пайда болады.

Сонымен қатар, депутаттар Жамбыл ауданының бірқатар әлеуметтік нысандарына да барып қайтты.

Индира Ахатқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
17:15, 8 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
Толығырақ...
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
20:37, 24 қыркүйек 2021
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...