ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ: БАСТЫ МАҚСАТ – АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУ

13:34, 25 ақпан 2022

Есіл ауданына қарасты Амангелді ауылдық округінің тұрғындары жол, сапалы интернет және таза судың жоқтығын айтып отыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов  елді мекенде болып, жергілікті халықпен кездесті. Бүгінде бұл округте 2 кәсіпорын жұмыс істейді. Жиын барысында қос серіктестік басшылары жылдың қорытынды есебін баяндап, болашақ жоспарларымен бөлісті.

 «Агрохимснаб» ЖШС 1999 жылы құрылған. Агроқұрылым жыл сайын 6 мың гектарға дән сіңіріп, 2 мың гектар жерде мал бағады. Былтыр күн райының қолайсыздығына қарамастан жергілікті диқандар гектарынан 16 центнер өнім жинаған. Серіктестік басшысы Владимир Олексюктің айтуына қарағанда мұндағы жұмысшылардың орташа еңбекақысы 178 мың теңге. Кәсіпорын жергілікті ауылдың өсіп-өркендеуіне ерекше көңіл бөледі. Адал жұмыс істеп, халықтың пайларын уақытында береді.

ВЛАДИМИР ОЛЕКСЮК, «АГРОХИМСНАБ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

-  «Бүгінде жалпы соммасы 50 миллион теңгеге 600 пайшыға пай үлесін бердік. Ол жағынан проблема жоқ. Ауылдың әлеуметтік –экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлеміз. Былтыр жұмысшыларға 6 миллион теңгеге 2 үй сатып алынды. Қыс мезгілінде елді мекендегі жолды күтіп-ұстауға 4 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ ауылішілік жолдарды жөндеуге сметалық құжаттарды дайындау үшін 500 мың теңге дайындадық. Мектепке құрылыс материалдарын сатып алуға 450 мың теңге бердік. »

 Жиын барысында серіктестік директоры болашақ жоспарларымен бөлісті.  Биыл қоғамдық моншаны қалпына келтірмек. Сондай-ақ, 15 үйге су тартпақ. Тіпті ауылда саябақ ашуды да жоспарлап отыр.

 ВЛАДИМИР ОЛЕКСЮК, «АГРОХИМСНАБ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

-  «Биыл жұмысшыларымыздың жалақысы 30%-ке өседі. Осы жылы ауылды күтіп таза ұстау жұмыстары да жүргізілетін болады. Серіктестік мал шаруашылығымен де айналысады. Бүгінде 626 бас сиырымыз бар. 2022 жылы 100 басқа арналған жаңа сүт-тауарлы фермасын салу жоспарда бар. Тиісінше жаңа 20 жұмыс орындары ашылатын болады. »

 Басты мақсат- ауылдағы ағайынның әл-ауқатын арттыру. Жиын барысында Құмар Іргейбайұлы осыны тілге тиек етті. Өңір жетекшісі серіктестік басшыларына халықтан қашпай, керісінше барынша жағдайларын жасау керек екенін еске салды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Өкінішке қарай, кейбір кәсіпкерлер өз қалталарын ойлайды. Мемлекеттен тиісті көмек алып, ауылдың жағдайына көңіл бөлмейтіндер жоқ емес, бар. Мұндай бассыздыққа жол берілмеу керек. Кересінше, елді мекеннің әлеуметтік- экономикалық дамуына бар күш жігірлерін салу қажет. Сонда ғана ауылдарымыз көркейетін болады. »

 Жиын барысында ауыл тұрғындары облыс әкіміне толғандырған сұрақтарын қойды. Бірінші мәселе- интернет. Ауылда сапалы интернет жоқ. Есіл ауданының әкімі Медет Оспанов проблема осы жылы шешіледі деп уәде берді.

 МЕДЕT ОСПАНОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Бұл мәселе шешіледі. Жер телімі бөлінді. Тele2 компаниясымен келіссөз жүргізілді.  Жобалық сметалық құжат әзірленді, қазір ол сараптамада жатыр. Сәтін салса, биыл ауылда сапалы интернет болады.»

Екінші мәселе – медициналық пункт. Елді мекендегі емдеу мекемесі өте нашар жағдайда тұр.

РОЗА ЛИННИК, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

 «Құмар Іргебайұлы медициналық пункт жер үйде орналасқан. Барлық жабдықтар ескірді. Емдеу мекемесін қалпына келтірсе жақсы болатын еді. Сізден көмек сұраймыз.»

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Биыл ауылдарда 47 медициналық пункт салу жоспарланып отыр. Бұл мәселе 2025 жылға дейін шешілуі тиіс. Ескі ғимаратты қалпына келтіргенше, жанына жаңасын салу керек. Оған көп қаражат кетпейді. Бұл мәселені назарға алып, шешетін боламыз.»

«Поляковское» - ауылдық округтегі екінші серіктестік. Кәсіпорын дәнді, майлы дақылдарды және көкініс өсірумен айналысады. Атап айтқанда, өткен жылы 10 гектарға сәбіз егіп, жақсы өнім жинаған. Биыл оны 30 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Қазір мұнда 20-дан астам азамат еңбек етіп келеді. Осы жылы серіктестік директоры жұмысшылардың орташа еңбекақасын 50%-ке дейін арттыруды жоспарлап отыр.

АЛЕКСЕЙ ЧЕРНЕЦКИЙ, «ПОЛЯКОВСКОЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлеміз. Биыл су желісін жөндейтін боламыз. Бұл мақсатқа 7 миллион теңге бөлдік. Сондай-ақ, Амангелді ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға да қаражат қарастырылады. Елді мекен аумағында 20 сібір шыршасын отырғызамыз. Жаңа саябақтың ашылуына да ат салысамыз.»

Жиын соңында серіктестік басшыларының бұл міндеттемелері меморандумда бекітілді. Әрбір тармақтың орындалуы жіті назарда болады деді,- облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

 

Нұрбол Балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар