ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

13:01, 27 қазан 2021

Облыс орталығында құрылыс қарқын алған. Бүгінде жаңа тұрғын үйлер халық игілігіне тапсырылып, әлеуметтік маңызы бар нысандар тұрғызылып жатыр. Өңір  жетекшісі Құмар Ақсақалов облыс орталығындағы құрылыс алаңдарында болып, жұмыс барысымен танысты. Журналистерге пресс-тур ұйымдастырды.    

Соңғы жылдары «Жас өркен» ықшам ауданында зәулім үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып жатыр. Мәселен, мына 18 қабатты үшінші үй жуырда қолданысқа тапсырылған. Бұл пәтерлер кезекте тұрғандарға берілді. Жалпы, бұл шағын ауданда 10 мың солтүстікқазақстандық қоныс тойын тойлаған. Бір сөзбен айтқанда, «Жас өркен» адам танымастай өзгерді.

ЮЛИЯ АНДРОНЕНКО, МҮЛІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Құмар Іргебайұлы бұған дейін электр, және ыстық су бойынша проблема болған еді. Себебі, электр қосалқы станциясы толығымен іске қосылмапты. Қазір ақырындап МӘСЕЛЕ шешіліп жатыр. Екі апта болды, қолымызды ыстық суға малып отырмыз. Жалпы үй жақсы салынған.»

«Жас өркен» ықшам ауданында бір ауысымда 250 адамды қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа емхана салынып жатыр. Жобаны жергілікті «Альфа север» серіктестігі жүзеге асырады.

ҚАЙРОЛЛА ҒАЛЕЕВ, СҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «Жас өркен» ықшам ауданының жаңа тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін жаңа емхананың құрылысы жүріп жатыр. Аумағы 1,5 гектар жерді алған. Емдеу мекемесі 2 қабатты. Бөлінген ақшаның 729 миллион теңгесіне  заманауи медициналық жабдықтар сатып алынады.

Жаңа ықшам ауданда жолдар да жөнге келтіріледі. Горький, Сүтішев және Петров көшелерінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ӘКІМІ: 

«Мұнда толығымен қайта жаңғырту жұмыстары жүргіледі. Яғни, кәріз жүйесі тартылып, жаңа жарықтандыру жүйесі орнатылады. Бүгінде жоба сараптамадан өтті. Сәтін салса, келесі жаздың соңында барлық шаруа аяқталады.»  

Содан кейін облыс әкімі құрылысы аяқталып жатқан 17 қабатты үйге барды. Бұл баспананың өзгелерден бір ерекшелігі бар. Ол панельден салынған. «Единство» үй құрылысы комбинатының құрылтайшысы Александр Кондратовтың айтуына қарағанда, бұл технология соңғы 35 жылда алғаш рет қолданылған. Әдіс құрылыс процесін жеделдетеді. Өйткені барлық құрылыс материалдары отандық өнім. Жаңа үйдің салынуаныа қазынадан 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

АЛЕКСАНДР КОНДРАТОВ, «ЕДИНСТВО» ҮҚК ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Бұл үй 202 пәтерлі. Жоспар бойынша нысан жыл соңына дейін тапсырылмақ. Барлық құрылыс материалдары Петропавлда шығарылады. Нысанда жергілікті құрылысшылар еңбектеніп жатыр. Құмар Іргейбайұлы бүгінде панельдер шығарылатын зауытта жұмыс қызған. Күніне шамамен 30 шақты панель өнідіріледі.  Қазір онда 350 адам жұмыс істеп жатыр. Жалақы уақытында төленеді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Бұл жаңа үйлер басқа технология бойынша салынып жатыр. Бірнеше қалада болып, тәжірибе алмасып, осы жобаға тоқтадық. Біз ең алдымен сапаға ерекше мән беруіміз керек. Бастысы- бұл панельдер өзімізде шығарылады.»

Жамбыл көшесінің бойында орналасқан мына тұрғын үй жуырда қолданысқа берілмек. Қазір көпқабатты үйде клинингтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айта кететйік, бұл баспананың салынып жатқанына біраз уақыт болған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Мәселелер туындап, бұл үйде 3 мердігер ауысты. Сондықтан жұмыс тоқтап тұрды. Ал қазір барлық проблема шешілді. Жуырда тұрғындар қоныс тойын тойлайды.

Бұл – «Жас өркен» ықшам ауданындағы трансформаторлық қосалқы станция. Жуырда нысан іске қосылмақ. Нәтижесінде мұндағы жаңа ғимараттар электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

ҚАЛЖАН НАЗАРСЕЙІТОВ, «ЭЛЕКТРОМОНТАЖ» АҚ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

«Станцияға 2 трансформатор қойылды. Олар нысандарға 25 мегаватт электр энергиясын жеткізеді. Олар Кентау трансформаторлық зауытында шығарылып әкелінген. Аталмыш станцияның іске қосылуына санаулы күндер қалды. Жұмыстар 100 пайыз орындалды.»

Сондай-ақ, М.Жұмабаев  көшесінің жолы кеңейтіледі. Жоба екі жылға есептелген. Мұнда жаңа кәріз жүйесі салынып, жарықтандырылмақ. Жұмыстар кестегей сай  жүргізіліп жатыр. Өңір жетекшісі облыстық көпбейінді аурухана құрылысының барысымен де танысты. Болашақ денсаулық сақтау мекемесінің бірнеше қабаты тұрғызылған. Медициналық мекеменің жалпы ауданы 90 мың шаршы метрден асады. Халықаралық деңгейдегі аурухана жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталады. Сонымен бірге Құмар Іргебайұлы «Радуга» ЖШС соқты. Мұнда жылыжай кешені тұрғызылып жатыр.  Гидропоникалық өсіру технологиясын қолдана отырып, компания көкөніс өсірмек.  Өнімді Қазақстан мен Ресей еліне өткізу жоспарда тұр. Кәсіпорын аумағында қағаз шығаратын зауыт та бой көтеріп келеді.   

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...