ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАСЫ –АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

20:40, 19 қараша 2021

 

Қарашаның әр үшінші жексенбісі елімізде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Солтүстік Қазақстан облысы бұл салада әр жылда алдыңғы қатарда жүр. Мұндай жетістікке қол жеткізу өңір аграрийлерінің жерді дұрыс пайдаланып, себілетін тыңайтқыштың көлемін арттыруы, жоғары сапалы дән алып, машина-техника паркін жаңартуы арқасында мүмкін болып отыр. Ал, биылғы орақ науқаны диқандар үшін қалай аяқталды? Арна тілшісі әзірлеген сюжетке назар  аударайық. 

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары егін егіп, сапалы өнім алу қиынның қиыны болды. Жер болса оған сініретін дән, оны баптайтын арнайы техника, жаңар-жағар май болмаған. Алайда, бұл қиындықтарға қарамастан, тынымсыз еңбек пен жоғары кәсібиліктің және өз-өзіне деген сенімнің арқасында көптеген жерлестеріміз ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл қатарда сүт өнімдері Қазақстанға ғана емес көршілес мемлекеттерге де жақсы таныс «Зенченко и К» командиттік серіктестігі де бар. Кәсіпорынның құрылуының басында тұрған Геннадий Иванович Зенченко алдына қойған мақсаттарына жете білген кәсіпкердердің бірі еді.

ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО И К» КС ДИРЕКТОРЫ:

  •  Серіктестік құрылғанда мен әкемнің жанында жүрдім. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы болғандықтан алдымызда көптеген қиындықтар болды. Солардың бірі кәсіп жүргізудің жүйесін таңдау еді. Басқалары ЖШС, ЖК болып жатса біз командитттік серіктестік болдық. Ол Новоникольск ауылының барлық тұрғындарын жинап, әрқайысының жері мен малын өзіне сеніп тапсыруға шақырды. Өз кезегінде оларға жұмыс пен өнім, азық-түлік, ақша беремін деді. Осылайша халықтың 90 пайызы 49 жылға өз үлестерін бізге берді.

Сенім мен ынтымақтастықтың арқасында «Зенченко» брендке айналды. Геннадий Ивановичті үлгі тұтып, ауыл және мал шаруашылығын дамытам деушілердің қатары көбейді. Осылайша бүгінгі таңда облысымызда 1мыңнан аса ЖШС, шаруа қожалығы және командиттік серіктестік бар. Тек соңғы 9 айдың ішінде біздің өңір ауыл шаруашылығы саласында үздіктердің көшін бастап тұр. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына шамамен 12 центнерді, майлы дақылдар 6,5 центнерді құрады. Ел экономикасына Солтүстік аймақтың қосқан үлесі туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып отырады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

  •  СҚО Қазақстанның астық қорын құрайтын облыстардың бірі болып табылады. Облысқа қатысты үлкен жоспарларымыз бар. Жалпы, өңірдің болашағы зор.

Биыл күнбағыс егіс алқабы 3 есеге, қарақұмық алқабы 2 есеге артты. 2021 жылы диқандар 160 мың тонна тыңайтқыш сіңірді. 2 мың 200 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары сатып алынды. Соңғы 3 жылда 12 заманауи сүт-тауар кешені пайдалануға берілді, қазір тағы 16 кешен салынуда. Жалпы алғанда, бұл көрсеткіш 2025 жылға дейін 52-ге дейін жеткізу мақсаты тұр.

ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО И К» КС ДИРЕКТОРЫ:

  • Барлық әріптестерімді ауылшаруашылық саласының қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әрқайсыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін, алға қойған жоспарларымыз орындала берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Биылғы жылдың маңызды оқиғаларының бірі агроөнеркәсіптік кешенді 2025 жылға дейін дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту болып табылады. Ол еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыруға, өнім экспортын екі есеге арттыруға, сондай-ақ отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларының өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...