ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА АГРАРИЙЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ӘЗІРЛЕНДІ

17:17, 4 ақпан 2022

Солтүстік Қазақстанда аграрийлердің тұрғындар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі туралы меморандум әзірленді.  Әр елді мекеннің ерекшелігі, даму деңгейі ескерілді. Өйткені бір ауылда әлеуметтік нысандар жұмыс істесе, енді бірінде балаларға арналған қарапайым ойын алаңдары жоқ. Сондықтан биылдан бастап жергілікті билік бұл олқылықтарды жоюды қолға алмақ. Ауыл-елді көркейтуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер көмектесетін болады.

Жердің төсін еміп, ауылдың қасиетті топырағы арқылы пайда көріп отырған шаруашылықтар жұмыс істеп отырған елдің көркеюіне өз үлесін қосуы тиіс.  Халықтың пікіріне құлақ асып, жергілікті тұрғындардың жағдайын жасауға міндетті. Алайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кейбірі елді мекенді абаттандыру жұмыстарынан ат тонын ала қашады. Жағдай жасалмаған ауылда жастар тұрақтамайды. Салдарынан ауыл болашағы жоқ елді мекендер қатарына қосылып, құрып жатыр.     

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өңірде жұмысшылардың жағдайын елемейтін кәсіпорын жетекшілері бар.  Бір айта кететіні, ондай бизнесмендердің жұмысы да жүрмейді. Өйткені ауыл тұрғындары жақсы өмір іздеп қалаға кетеді. Қалғандары өз міндетін тиісті деңгейде орындағылары келмейді.

Ауылдарды дамыту жөнінде мемлекеттік  бірқатар бағдарлама бар. Алайда, бұл – жеткіліксіз. Сондықтан әр аграрий елді мекенді аббаттандыруға, көркейтуге үлес қосқаны жөн. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі мердігері жыл сайын қаржылық есептілікті бекітуге арналған жиын өткізіп, оған  барлық тұрғындар қатысуы тиіс. Бұл заңмен бекітілгенімен, әзірге орындалмай келеді. Кейбіреулері бұл талапты тек қағаз жүзінде орындайды, өйткені ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған.   Биылдан бастап, бұл кездесулердің өткізілуі бақылауға алынбақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Осындай кездесулерде, менің пікірімше, міндетті түрде ауылды дамыту жоспары талқылануы тиіс.  Бизнесмендер, сол жерде жұмыс істеп, сол жерден пайда тауып жүр.  Сондықтан, мемлекетпен қатар ауылдық аймақтарды дамытуда жауапкершілікті сезінуі керек. Сол жерде еңбек етіп жатырсың ба, халқына көмектес, жағдайды жақсарт.   

Басқаларға үлгі боларлық кәсіпкерлер де баршылық. Мәселен  «Полтавское» ЖШС ешқандай меморандумсыз-ақ ауылдық округтың тұрғындарына бұрыннан қолдау көрсетіп келеді.   Жыл сайын отын және  көмірмен қамтып,  әлеуметтік маңызы бар нысандарды тұрғызып, қалпына келтіру үшін қаражат бөледі.  Айталық 2019 жылы  серіктестік ауылда фельдшерлік-акушерлік пункт салып беріп, моншаны күрделі жөндеді.  Бір айта кететіні, тұрғындар мұнда қызметті тегін алып жүр.  Кәсіпкер жұмысшылары үшін үй салып, мал ұстайтындарды жем-шөппен қамтиды.   

ЕРЛАН ЗІКІРИН, «ПОЛТАВСКОЕ» ЖШС ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Шаруашылық есебінен бұл үйлерге су мен кәріз жүйесі тартылды.  Тіпті жиһаз алуға да көмектесеміз.  Мал қорасы салынып, ауласы қоршалды.   «Полтавское» серіктестігі ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына көп көңіл бөледі. 2021 жылы  осы мақсатқа 314 млн. 697 мың  теңге жұмсалды. Әлеуметтік сала қызметкерлеріне және өз жұмысшыларымызға арнап 6 үйді салдық.   Қазір ауылға өзге облыстардан да адамдар көшіп келіп жатыр.  Бәріне жұмыс бар.   

Құмар Ақсақаловтың айтуынша,  әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандум және тұрғындармен  есептік кездесулер ауылдардың дамуына серпін береді. Жиын барысында тұрғындар көкейлерінде жүрген сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Мәселен  Полтавка елді мекенінде балалар көп, басым бөлігі спорт секцияларына барғылары келеді, алайда, ауылда жаттықтырушылар жетіспейді.   

-  Шағын орталықтың ғимараты салынып жатыр, оған ризамыз. Жақсы спорт залымыз бар.  Алайда жаттықтырушы жоқ. Балалардың арасында бимен де айналысқылары келетіндер бар. Оларға сабақ беретін хореограф жоқ.   

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ :

- Меморандум талаптарына ауылға қажетті мамандарды табу мәселесін шешуді де қосуға болады.  Дұрыс қой,  егер спорт зал мен би залы болса, онда жұмыс істейтін маман міндетті түрде болуы қажет.

Жиында айтылғандай, меморандумның талаптары елдімекендердің адам көп жүретін орындарда, көзге көрінетін жерде ілініп тұруы тиіс. Сонда әр адам, онымен танысып,  орындалуын талап етеді. 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар