ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

ОБЛЫСТА ТҰҚЫМ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

17:15, 14 желтоқсан 2021

 

Қазақстанда теңдесі жоқ жоба. Есіл ауданы Советское елді мекенінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын өндіретін зауыт іске қосылды. Соңғы үлгіде жарақталған кәсіпорында жылына 60 мың тоннаға дейін тұқым әзірленбек. Өндіріс ошағының жұмысымен облыс әкімі Құмар Ақсақалов танысты.

Биыл сәуір айына дейін бұл жер бос жатқан. “Атамекен-Агро-Корнеевка” серіктестігі аумақты жалға алып, зауыт құрылысын бастап кетті. Небәрі 8 айдың ішінде жаңа нысан бой көтерді.

 АЛЕКСАНДР ФАДЕЕВ, “АТАМЕКЕН-АГРО-КОРНЕЕВКА” ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- "Украина елінен соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар сатып алынды. Арнайы зертхана да салдық. Зауыт тұқым қорын жақсартуға, сондай-ақ, өзімізді жоғары сапалы тұқыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді".

Толығымен автоматтандырылған зауытта тұқымның сапасы екі есеге артпақ. Себебі, дән 6 кезеңдік тазалаудан өтіп, зиянкестерден арылады. Тағы бір айта кетерлігі, мұнда кез келген дән түрі тазаланады.

Жобаның құны 751 млн теңге. Кәсіпорынды “Атамекен-Агро-Корнеевка” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаржысына тұрғызды.

Зауыттың ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы келді. Өңір жетекшісі кәсіпорынның жұмысымен танысып, серіктестік өкілдеріне сәттілік тіледі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жаңа зауыттың ашылуымен құттықтаймын. Мұндай кәсіпорын бізге өте қажет. Жақсы өнімге қол жеткізу үшін сапалы тұқым керек.

КИНТАЛЬ ИСЛАМОВ, “АТАМЕКЕН-АГРО” АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- "Зауыт тек шығымдылығы жоғары тұқымды ғана іріктеп алуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, дақыл біркелкі болып өседі. Нәтижесінде  өнімді барынша шығынсыз жиналады".

Зауытқа 20-ға жуық адам жұмысқа орналасты. Олардың орташа еңбекақысы - 190 мың теңге шемесінда. Келер жылы “Атамекен-Агро” АҚ Корнеевка елді мекенінде 680 басқа арналған сүт фермасының құрылысын бастамақ. Жоспар бойынша кәсіпорын 2023 жылы қолданысқа беріледі. Нәтижесінде тағы 30 жаңа жұмыс орны ашылады.

МЕДЕТ ОСПАНОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ.

- "Сондай-ақ, келесі жылы "Ебжанов и К" серіктестігі 400 басқа шақталған сүт фермасын іске қоспақ. Қазір құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Зауытқа қажет қондырғылардың барлығы сатып алынды. Шетелден мал жеткізілді".

Келер жылы Есіл ауданы Двинск ауылында 10 мың тоннаға арналған астық сақтау қоймасы да қолданысқа тапсырылады

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...