ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 5 СҮТ ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

20:37, 15 желтоқсан 2020

Жыл сайын облыс 15 шақты жаңа сүт фермаСЫН іске қосып, шикізат көлемін ұлғайтпақ. Осы мақсатта жыл соңына дейін 5 кешеннің құрылысы аяқталмақ.  Олардың беруі Аққайын ауданында орналасқан.  Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа нысанның жұмысын көріп қайтты.

Зенченко әулиеті біздің облыста ғана емес, республика төңірегінде танымал. Иван Зенченко еңбек династиясын жалғастырып келеді. Биыл серіктестік жаңа сүт фермасының құрылысын аяқтайды. 10  мың бас қара малға шақталған кешенде  жылына 30 мың тоннаға дейін сүт сауылады. Осындай кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекет тарапынан  3 млрд теңге бөлінді. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ :

- Алдымызға үлкен міндет қойып, біртіндеп жүзеге асырып келеміз. Нарықты жергілікті өніммен толтыруымыз керек. Ол үшін сөбірек сүт сауып, қайта өндейдін зауыттарды шикізатпен қамтимыз. Биыл Қазақстанда 20 сүт фермасының құрылысы аяқталады, оның 5-уі біздің облыста. Яғни әр 4-ші кешен. Келер жылы бұл жұмысты жалғастырмақ ниеттеміз.

«РОСТАН» ЖШС ЖАҢА ЦЕХТІ ІСКЕ ҚОСТЫ

Ауданға жұмыс апарымен шыққан Құмар Ақсақалов қайта жаңарту жүріп жатқан «Ростан» серіктестігіне ат басын тіреді.  Мұнда сүт, май, ірімшік, сүзбе сияқты өнімдер әзірленеді. Биыл кәсіпорын жаңа цехті іске қосып, ашымал сүт өнімдерін де шығарады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қазір 294 мың тоннаны шығаруға мүмкіндігіміз бар. Жаңа цехті іске қосқанан кейін оны 450 мың тоннаға дейін жеткізбекпіз, 1,5 есеге көп болады.  Өазір ірімшік өндірісін қолға алып отырсыздар. Сүт одағы жаңа желіні қосқан соң , ішкі нарықпен қатар, экспортқа да шығара аламыз. 

Бүгін облыс аумағында 80 шақты қайта өңдеу кәсіпорны бар. Шамамен сүт, ет және макарон өнімдерінің 330  түрін шығарады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар