ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

17:16, 16 ақпан 2022

 Интернет желісіне қол жетімділікті қамтамасыз ету және тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі.  Облыстық әкімдікте өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен кезекті жиын өтті. Отырыс барысында осы тақырыптар төңірегінде проблемалар көтеріліп, оның шешу жолдары қарастырылды.  

Бүгінде облыс елді мекендерінің 491-і яғни 73,3 пайызы түрлі технологиялар бойынша интернетке қол жеткізген. Бұл ауылдарда 271 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Ал  140-тан астам ауылда интернет әлі күнге дейін жоқтың қасы.

 АЗАМАТ БАЙТЕМІРОВ, СҚО ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  «Қазір Үкімет байланыс операторларының алдына 250-ден астам тұрғыны бар барлық ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Бұл міндет біртіндеп орындалып келеді. Бірақ, халқы 250 адамнан аспайтын қазіргі 338 ауылдың 144-і ғаламтормен қамтылмаған.   

 Азамат Байтеміровтың сөзіне қарағанда 2020-2021 жылдары тұрғындар саны 250 және одан да көп адамнан тұратын қосымша 70 елді мекен интернетке қосылған. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 457 ауыл кеңжолақты интернетпен қамтылыпты. Алайда, жұмыстар әлі күнге дейін тиісті деңгейде атқарылмай жатыр. Себебі, мобильді интернеттің сапасы көңіл көншітпейді.

 АЗАМАТ БАЙТЕМІРОВ, СҚО ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Бұрын минималды шекті реттелмеген. Енді цифрлық даму министрлігі мобильді интернет сапасының ең төменгі көрсеткіштерін бекітті: мысалы, 4G үшін – кемінде 5 МБ/с, ал 3G үшін – 1 МБ/сек. Егер байланыс операторлары сапа параметрлерін сақтамаса, жауапқа тартылатын болады.»

 Солтүстік- астықты өңір. Қазір егістікке замануи  комбайндар шығады. Ал оларды басқару қашықтан жүргізіледі. Сондықтан Құмар Іргебайұлы егіс алқаптарын да интернетпен қамту қажет екенін атап өтті. Алайда операторлар мұндай бастамаға сенімсіз қарайды.

 ВЯЧЕСЛАВ ЛИМЗА, «BEELINE» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

«Операторларда ешқашан алқаптарды интернетпен қамту тапсырмасы болған емес. Себебі, ол жерлерде тұтыну трафигі тым төмен. Сондықтан бұл тиімсіздеу болады.»

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін өте үлкен көмек болатыны сөзсіз. Интернеттің арқасында жұмыс біраз жеңілдемек. Осы арқылы жаңа деңгейге шығуға болады. Бұл ең алдымен экономика үшін өте маңызды. Осы мәселені назарда ұстау керек.

Әкімдік отырысында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі де қаралды. Жыл басталғалы өңірде 68 өрт тіркеліпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31%-ке төмен. Өңірдің бас құтқарушысы Рамиль Камаловтың сөзіне қарағанда өрттің 73% тұрғын үй секторына тиесілі екен.

 РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫ:

-  «Негізінен, өрт тұрғындардың отты абайсыз қолдануынан, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан орын алып жатады. Жалпы біз халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударамыз. Бүгінде 4 мыңнан астам жеке тұрғын үй есепке алынған. Онда 16 мыңға жуық адам тұрады. Осы күнге дейін тұрмысы нашар отбасыларға көмек көрсету мақсатында 1933 түтін датчигі орнатылды. Бұл жұмыс облыстың 6 ауданында толығымен аяқталған.»

ТКС: Тағы бір өткір мәселе – бұл көппәтерлі тұрғын үйлердегі балкондарда орнатылған тұрғындарды эвакуациялайтын арнайы сатылардың жабық болуы. Алайда ПИК төрғаларының немқұрайлығынан тұрғындар оны кесіп тастап жатады. Ал бұл өте қауіпті. Себебі, өрт болған жағдайда адамдар үйден шыға алмай қалуы әбден мүмкін.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  «Тиісті нормалар мен қауіпсіздік талаптары бар. Оған бағыну керек. Бұл не деген немқұрайлылық? Тұрғындарын өздерін қауіп-қатерге тігіп отыр ғой. Бұл мәселені назарда ұстаңыздар. Тексеріс жұмыстарын жүргізіңіздер.»

 Бүгінде көппәтерлі үйлердің кейбірі орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған. Өткен жылы соның салдарынан 4 өрт оқиғасы тіркелді. Оның кесірінен 4 адам түрлі деңгейде жарақат алып, бір адам мерт болған. Оның басты себебі – газ қондырғыларын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар