ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ

17:15, 8 қазан 2021

Жолдардың жөнделуі, әлеуметтік және спорттық нысандардың құрылысы, еңбек жағдайының жақсаруы-бұл Шал ақын ауданындағы оң өзгерістердің бір бөлігі ғана. Облысьық мәслихат депутаттары елі мекендерді аралап, абаттандыру мәселелері бойынша көшпелі сессия өткізді.

Алдымен депутаттар Кеңес орта мектебіне барды. Жақында мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Терезе блоктары мен есіктері ауыстырылды, шатыры мен электр жүйесі жөнделді.

МҰХАМЕДИН СЫРЫМ, КЕҢЕС ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- «Бүкіл ғимаратты жөндеуге 42 млн теңге жұмсалды. Мектеп 1980 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Біз мұнда бәрін өзгерттік, жаңадан кабинеттер ашылды. Білім ошағында бүгінгі таңда  62 бала оқиды.»

Сондай ақ депутаттар Жаңажол ауылына апаратын жолдың сапасын тексерді. Жөнделіп жатқан жолда жұмыс 90 пайызға орындалған. Шамамен 7 шақырымға асфальт төселді. Аудан орталығында депутаттар құрылысы жүріп жатқан сүт-тауарлы фермаға барды. Нысанның құрылысы небәрі бір ай бұрын ғана басталған. Желтоқсан айының басында аяқтау жоспарланған.

- «Қазіргі уақытта біз бетон жұмыстарын аяқтап жатырмыз. Қаптау жұмыстарына кірісеміз. Ғимаратта бұзау қорасы да болады.»

Депутаттар кейін аудан орталығына қоныс аударған қандастармен кездесті. Биыл Сергеевка қаласына  Маңғыстау облысы мен Иран елінен 10 отбасы көшіп келген. Жергілікті билік қоныстанушыларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Жаңа үйлерге барлық коммуникация жүйесі тартылған. Қысқа отын сатып алынды, жақын арада көмір әкелінеді. Қажымұрат Адай әйелі екі баласымен Ираннан көшіп келді.

ҚАЖЫМҰРАТ АДАЙ, ҚАНДАС:

- «Біз Отанымызға оралғанымызға қуаныштымыз. Бізді мұнда жақсы қарсы алды. Барлық жағдайымызды жасауда. Әкімдік қызметкерлері үнемі өз көмегін ұсынуға тырысады. Жақында бізге отын әкелді».

Сергеевка қаласында депутаттар сонымен қатар жаңадан салынған сауықтыру орталығында болды. Спорт кешеніне Құлеке батырдың есімі берілген. Мұнда тренажер залы, шағын футбол алаңы, гимнастика залы және басқа да көптеген жаттығу орындары бар. Оларда тұрғындар кәсіби деңгейде спортпен айналыса алады.

НАТАЛЬЯ ТИМОФЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

«Біз барған барлық нысандарда жұмыс қызу жүріп жатыр. Бұл бізді әрине қуантады. Жолдар жөнделуде, жаңа ғимараттар салынып жатыр. Осы қарқынмен жұмыстары жалғаса берсін.»

Депутаттар жақында күрделі жөнделе бастаған 46 көппәтерлі тұрғын үйге де ат басын бұрды.  Бұл пәтерлер тұрмысы төмен отбасыларға беріледі.

САЯТ ОМАРОВ, АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС, ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ  :

- Аудан бойынша бізде 260 адам үйге кезекте тұр. Егер біз үйді тапсырсақ онда кезекте тұрғандардың қатары 17 пайызға азаяды.  

Депутаттар Мерген ауылында да болды. Жергілікті серіктестік «Гермес Агро» елді мекенді абаттандырып жатыр. Бұл жерде жас мамандар тұрғын үймен қамтамасыз етілеген.  

АЛДИЯР ҚАЗЫМБАЕВ МЕРГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- «Біз әйелім екеуміз осы ауылға көшіп келдік. Әйелім мектепке жұмысқа орналасты. Мен құрылыста жұмыс істеймін.» 

СЕРГЕЙ ОКУНЕВ, «ГЕРМЕС- АГРО» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

- Алғашқы үйлердің құрылысы 2017 жылы басталды. Біз осы күнге дейін 10 үйді пайдалануға бердік. Ол үйлерде жас мамандар тұрады. Қазіргі уақытта 8 үйдің құрылысы жүріп жатыр.»

Ауылда жолдарға жаңа асфальт төселген, көшелерге жарық өткізілген. Серіктестіктің ауылды абаттандырумен айналысып жатқанына біраз жыл.  Депутаттар сондай-ақ кәсіпорында болды. Мұнда 100ден астам ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Кәсіпорындағы орташа еңбекақы шамамен 150 мың теңге.

ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Біз ЖШС аумағындамыз. Бұл жерде жұмыс қызу жүріп жатқанын көруге болады. Тұқым сақтайтын қойма, кептіргіш нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жаңа жұмыс орындары ашылып, жас мамандарға баспана салына бастады. Үйлері жақсы. Жұмысшыларына жақсы жағдай жасалған.

Депутаттар іс сапар соңында ауданды абаттандыру бойынша кеңес өткізіпі, ұсыныстарын айтты.

 

Тақырып бойынша материалдар

ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛДЫ
17:15, 21 қазан 2021
ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛД...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13:02, 20 қазан 2021
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...