ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

17:15, 22 шілде 2021

Өңірдің негізгі салаларында оң өсім бар. Әкімдікте облыстың бірінші жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық  дамуын қорытындылаған жиын өтті. Мәселен ауыл шаруашылығындағы өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2% - ды құраған. Өнеркәсіп өндірісі 8 аудан мен Петропавлда қарқын алды. Осы аралықта 166 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Тілшіміз толықтырсын.

Құрылыс саласында атқарылған жұмыс көлемі 5% - ға ұлғайған. Жалпы ауданы 83 мың шаршы метр болатын тұрғын үй ғимараттары тапсырылды. Тимирязев, Жамбыл, М.Жұмабаев, Ғ. Мүсірепов аудандары алда келеді. Аграрлық секторды дамыту жоғары деңгейде сақталған. Мал шаруашылығында ет өндірісі – 3,4% - ға, сүт өндірісі-7% - ға артты. Тайынша, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов сияқты аудандарда ет өндірірісі  жоғары.

ЗИЯДДЕН МОЛДАҒАНАПОВ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Жыл  басынан жұмыртқа өндірісі  – 64,1% - төмендеген, бірақ оң өсім бар екенін атап өткім келеді. Жалпы, 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өнім өндіру 33% - ға төмендеген. Оның ішінде құс тұмауынан ең көп зардап шеккен Қызылжар ауданы басында 87,4% аз жұмыртқа шығарса енді оны 60,3% - ға дейін қысқартты.

Ауыл шаруашылығы саласына тартылатын инвестициялар көлемі ұлғайып келеді. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 1,6 есеге өскен. Бұл салаға өңірдің барлық инвестицияларының жартысы тиесілі. Айта кету керек, облыс ел бойынша ауыл шаруашылығына инвестиция тарту бойынша көшбасшы болып табылады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Осының барлығы, бірінші кезекте, 12 сүт-тауар фермасының толық жобалық қуатына шығу есебінен қамтамасыз етілді, бүгінде оларға өңір шаруашылықтары өндіретін сүттің әрбір бесінші тоннасы тиесілі. Ағымдағы жылы 10 ауданда жалпы сомасы 31 млрд.теңгеге сүт кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы жобаларды іске асыру 400-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға, сондай-ақ сүт өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Облыста сумен жабдықтау көлемі 26,4% - ға, өңдеу өнеркәсібі 7,3% - ға, электрмен жабдықтау 10% - ға ұлғайып отыр. Ал, Мамлют, Ақжар, Уәлиханов аудандары өнеркәсіп өнімінің көлемін орындамаған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындарда өндіріс көлемі де ұлғайды. «Единство» ЖШС - 59% - ға яғни 651,5 млн.теңгеге, «Құрылыс материалдары зауыты» - 2,1 есеге яғни, 750 млн. теңгеге өнім көлемін арттырған. Аталған кәсіпорындар жалпы 1,4 млрд.теңгеге 2,4 мың тоннадан астам құрылыс материалдары мен металл құрылымдарын шығарды. Бұл жергілікті құрылыс жүргізушілерге жақсы қолдау.

Карантин және шектеу шаралары жағдайында облыс әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын сақтауды жалғастырып келеді. Құмар Ақсақалов атап өткендей, І жартыжылдықтың қорытындысы мен қолда бар резервтер жыл қорытындысы бойынша да өсімді қамтамасыз етуге негіз болып табылады, бұл азаматтардың табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Индира Ахатқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫС БОЙЫНША 760 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
17:15, 28 шілде 2021
БИЫЛ ОБЛЫС БОЙЫНША 760 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...
ХАЛЫҚТЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
17:17, 14 шілде 2021
ХАЛЫҚТЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...