ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА 340 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛМАҚ

13:03, 19 қараша 2021

Солтүстік Қазақстан облысының дамуына жыл соңына дейін 340 миллиард теңге инвестиция тартылмақ. Бұл соңғы 5 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Бүгінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс  салаларында алға жылжу бар. Яғни, инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы арна тілшісі Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

Өңірде экономиканың негізгі салалары біртіндеп дамып келеді. Мәселен, соңғы 10 айдың ішінде ауыл шаруашылығы саласына 132 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл соңғы 5 жылмен салыстырғанда екі жарым есеге көп. Биыл 34 жоба іске асырылып жатыр. Сондай-ақ, облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында осы жылы республикалық бюджеттен 15 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі күнге дейін аймақтың барлық аудандарында ауыл шаруашылығының 6 бағыты бойынша 17 жоба қаржыландырылған.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

«Соңғы үш жылда облыста 12 заманауи сүт-тауар фермасы іске қосылды. Биыл мал басының жалпы саны 9 мыңға жететін және өндіріс қуаттылығы 45 мың тонна болатын 16 сүт-тауар фермасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 10-ы жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, өңірде сүт өндіру көлемінің оң динамикасы байқалады. Мысалы 2017 жылы 546 мың тонна өндірілген болса, осы жылдың қорытындысы бойынша 633 мың тонна сүт өнімін өндіруді жоспарлап отырмыз.»

Өңірде өңдеу өнеркәсібіне де баса назар аударылған. Соңғы 10 айдың ішінде өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 280 миллиард теңгеге жеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 360 миллиард теңгеге жеткізу міндеті тұр. Бүгінде аталған сала бойынша көптеген ірі  инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен Тайынша ауданында құрама жем өндіру зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын жылына 100 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Сондай-ақ, облыс орталығында 370 мың тонна майды экстракциялау зауыты тұрғызылып жатыр. Жоба құны - 15 миллиард теңгеден асып жығылады.

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Бұл кәсіпорында жаңадан 200 жұмыс орны ашылады. Жаңа кәсіпорын іске қосылған кезде облыста өндірілетін тұқым майын 90% - ке дейін жеткізе аламыз. Айта кетейік, жаңа зауыт 80% экспортқа бағдарланған.»

Өңірде құрылыс саласы да жақсы жолға қойылған. Әсіресе соңғы жылдары Петропавлдағы «Жас Өркен» ықшам ауданында зәулім үйлер бой көтеріп, адам танымастай өзгерді. Жыл соңына дейін 3500 мыңға жуық пәтер қолданысқа беріледі. Жалпы, құрылыс көлемі екі есеге өскен. Биыл 340 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылмақ.

СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

««Жас Өркен» ықшам ауданында барлығы 2080 пәтерлі 17 үй тұрғызылып жатыр. Биыл 5 үй қолданысқа берілді. Оның ішінде 427 пәтерлі 3 коммерциялық үй. Сондай-ақ, «Жаңа қала» реновация бағдарламасы да іске қосылып жатыр. Оның асында қала іргесінде 177 пәтерлік 3 тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр.»

Солтүстік Қазақстан облысының дамуына жыл соңына дейін 340 миллиард теңге инвестиция тартылмақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Соңғы 5 жылмен салыстарғанда екі есеге көп. 2016 жылы инвестиция көлемі 167 миллиард теңгені құраған еді. Биыл инвесторлармен көптеген жобалар пысықталып жатыр. Біз бұл жұмысты тоқтатпауымыз қажет. Яғни, өңірге инвестиция тартуымыз керек. Инвесторларға жағдай жасалып, кәсіпорындар мен фермалар көптеп салынуы керек.  Бұл – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы.»

Айта кетейік, инвестициялық жобалаларды жүзеге асыру келесі жылы да  жалғасын таппақ.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
17:17, 30 қараша 2021
ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...