ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

13:02, 20 қазан 2021

Өңірде 9 ай ішінде құрылыс саласында бірқатар жоспар жүзеге асырылды. Осылайша 11 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, Уәлиханов ауданында бұл көрсеткіштер сәл төмендеу. Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы әкімдік отырысында айтылды.

Биыл 9 айда өңірде ірі қара мал басы 4 %-ға, қой 3 % - ға, ет өндірісі 2% - ға, сүт 6% - ға өсті. Облыстың өнеркәсіп секторы 250 млрд теңгенің өнімін шығарды. Азық-түлік өндірісі 6,4% - ға артты. Мұнымен қоса, тоқыма, резеңке, ағаш және қағаз өнімдерін шығаруда оң динамика байқалады.  

ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

  • Өнеркәсіп құрылымына келетін болсақ өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 76% - ды құрап отыр. Электрмен жабдықтау көлемі 0,3% - ға, сумен жабдықтау 22% - ға ұлғайды. Бұл ретте тау-кен өнеркәсібінде пайдалы қазбаларды өндіру қысқарды. Жалпы, өнеркәсіп өндірісінде оң динамика бар.

Сондай-ақ өткен жылдармен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімдері 55 млрд теңгеге артық шығарылды. Алайда, бұл салада жұмысты бәсендетіп, көрсеткіштері төмендеген аудандар да баршылық. Бұл тізімге  Тимирязев және Ғабит Мүсірепов аудандары кірген.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

  •  «Астық Привольное» сүт фермасы жақында ғана жұмысын бастады. Мұндай фермаларды облыста көбейтуіміз керек. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау тетіктері бар. Аудан әкімдері қазірдің өзінде жобаларды іске асыруға қолдау көрсететіндердің тізімін білулері қажет.

Облыс бюджетіне шамамен 25 млрд теңге түсті.

НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, СҚО ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

  • Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер мен несиелер бойынша 99,8% жұмыс атқарылды, жоспар бойынша 96 млрд 695 млн теңгенің 85 млрд теңгегесі жұмсалған. 137 млн теңге игерілмеген.

9 айдың жұмыс қорытындысы және қолда бар резервтер жыл соңына дейін барлық көрсеткіштер бойынша оң нәтижеге қол жеткізуге негіз болмақ.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
17:17, 30 қараша 2021
ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...