ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОТАНДЫҚ ӨНІМ СҰРАНЫСҚА ИЕ

17:17, 3 желтоқсан 2020

2019 жылы  өңіріміздегі Киров зауыты компьютер техникаларын нарыққа шығара бастады. Өнімнің басты артықшылығы - бағасы төмен, ал сапасы мен сипаттамалары шетелдік аналогтардан артық болмаса, кем түспейді. Биылдың өзінде мамандар  54 мың техника шығарып, қолданысқа берген. Жалпы отандық өнімнің бағасы қалтаға қонымды ма? Зауыт ұжымының 2021 жылға қандай жоспары бар? Арна тілшілері тарқатсын.

Зауытта компьютерлерді құрастыру өткен жылы БҒМ тапсырмасы бойынша басталған. Ал осы жылы отандық өнім ел көлемінде сұранысқа ие бола бастағаннан соң, планшеттер мен ноутбуктар да шығарылып, тұтыну нарығы кеңейтілген. Зауытта сонымен қатар, арнайы микрофондар мен құлаққап, бейнекамералар да жасалады.

МӘДИ БЕКТЕНОВ, «М.С. КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТЫ» АҚ САТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Биыл біздің зауыт 54мыңнан астам компьютерлік техниканы жасап шығарып, оны қолданушыларға жеткізді. Соның ішінде 38 мыңнан астам ноутбук жасап шығарды. +00:43. Негізі біздің жасап шығаратын компьютердің бағасы 250 мың теңге., ноутбуктың бағасы 150 мың теңіге. Ал планшеттің бағасы 50 мың теңге.

Сарапшылардың айтуынша, бұл техника бағалары ел тұрғындары үшін қол жетімді.  Әрі сапасы да жақсы. Алдағы уақытта зауыт ұжымы техникаларды сату нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Және бұл жерде енді қуат беру блогы мен компьютерлік техникаға қажетті құрал-жабдықтарды өздері  құрастырып шығармақ.Зауыттың қуаттылығы шамамен 100мың бірлік техника шығаруға  жетеді. Сол себепті, 2021 жылы отандық өнімге деген  сұранысты әлі де арттырмақ ниетте.

АЛМАТ ШӘКЕНОВ, МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Алдағы уақытта тағы бір ғимарат салып, электронды құрал-жабдықтар шығаруды жоспарлап отырмыз. Тек компьютерлік техникамен шектелгіміз келмейді. Түрлі заманауи модульдерді құрастырсақ дейміз.

Киров атындағы зауыттың өніміне биыл Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарынан да сұраныс артқан. Отандық өнімді сатып алудың жалпы соммасы 6 млрд теңгені құрапты.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар