ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!

13:01, 9 қараша 2021

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының аясында Ғабит Мүсірепов ауданында бірнеше ірі жоба іске асырылып жатыр. Ауыл шаруашылық, спорт, денсаулық сақтау нысандары бой көтеруде. Жаңа жұмыс орындары ашылған. Солардың бірқатарында арнамыздың түсіру тобы болып қайтты.

2020-шы жылдың қарашасында қабылданған «Нұр Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасы 5 жылға жоспарланған. Оның аясында еліміздің әр облысы, ауданы мен ауылын дамыту үшін бірқатар іс-шара қолға алынды. Солардың қатарында Ғабит Мүсірепов ауданы да бар. Бүгінгі күні Новоишим ауылында жаңадан хоккей корты салынды. Оған облыс бюджетінен 76 млн теңге бөлінді. Мұнымен қоса, аудандағы 10 ауылда жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылып жатыр. Фельдшерлік акушерлік пункттер салынып, медициналық көмек қолжетімді болды.

БЕРІК САПАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

  •  Спорттық 10 кішкене мини футбольный поле салынды ауылдық жерлерде. Әр ауылдың көшелернің жолдарын жөндеп жатырмыз.  Раисовка ауылында осындай жабық корт аяқталды. Аудан бойынша 2 жабық корт бар. Скейтбор площадкалары істелді.

Ауданда бой көтерген ірі нысандардың бірі ол «Астық-Привольный» ЖШС-інің сүт фермаСЫ. 640 басқа шақталған. Қазіргі таңда ірі қараның 469-ы әкелінді, қалғаны жылдың аяғына дейін жеткізілмек.Жобаны іске асыруға кәсіпкер 2% мөлшерлемемен  1 млрд 700 млн теңге көлемінде несие алған.

МАНАТ ҒАБДУЛИН, «АСТЫҚ-ПРИВОЛЬНЫЙ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

  •  Бір күнде біз 4 мың литрге жуық сүт сауамыз. Бір сиыр 16 литр сүт береді. Оны біз кәсіпкерлерге литріне 160 теңгеден сатамыз. Қазіргі таңда мұнда 35 білікті маман жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы 180 мың теңге. 4мың тоннаға жуық шөп дайындадық. Жем-азық жеткілікті.

Кәсіпкер болашақта малдың басын 1мыңға дейін көбейтіп, тағы қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.Жалпы, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы бүкіл салаларды қамтиды.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

  • Партияның сайлауалды бағдарламасы баршаға тең мүмкіндік беру, зияткер, дені сау және ұқыпты ұлт қалыптастыру, тұрақты экономика, есеп беретін мемлекет пен жауапты азаматтар деп 4 тарауға бөлінген. Оның аясында білім мен денсаулық сақтау сапасы, бизнесті дамыту сынды 83 көрсеткіш бар. Бұл бағыттарда жұмыс жалғасады.

Қазіргі таңда Ғабит Мүсірепов ауданында сайлауалды бағдарламада көрсетілген 83 бағыттың 69-ы іске асырылды.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
17:15, 27 қаңтар 2022
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ҚОСПА ЖЕМ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:39, 28 желтоқсан 2021
ҚОСПА ЖЕМ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...