ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

20:38, 27 сәуір 2021

2019 жылы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы шешім қабылданды.  Жоба шеңберінде жасалған қосалқы аймақтардың біріне электр техникалық «Alageum Electric» компаниясы орналасты. Болашақ трансформатор зауытында жөндеу және құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Бүгінгі күні жұмыстар қаншалықты аяқталғаны туралы әріптесім айтсын.

«Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы төрт қосалқы аймаққа бөлінеді.  Бірінші қосалқы аймақтың аумағы 15 га жер. Бұл жерде «Alageum electriс» АҚ трансформатарлар жасайтын зауыт ашпақ. Бұл зауыт жылына 13 мың электр техникалық өнім шығарып, жасалған заттың 56 пайызы экспортқа жөнелтілетін болады.  Осылайша облысқа 12 млрд теңгеден аса инвестиция құйылып, 300 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етпек. Айта кетейік, кәсіпорын ашыла салысымен жылына тек 3 мың электр техникалық жабдық шығара алатын болады, уақыт өте келе өнім саны өседі.

ДӘУЛЕТ ЖАРДЕМОВ, «ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС ӨНДІРІС ДИРЕКТОРЫ:

«2020 жылдың маусым айынан басталды реконструкция жұмыстары. Кеңес Үкіметі кезінен қалып кеткен зауыт болды. Реконстукция жасалды. Қойма жасалып жатыр, әзірленген материалдарды сақтайтын. Қазіргі таңда маусым айында зауыттың ашулы жоспарланған.»

Болашақ трансформатор зауытында жөндеу және құрылыс жұмыстары 2020 жылдың маусым айында басталды. Бүгінгі таңда 15 техника, 100-ден аса адам құрылыс жұмыстарына жұмылдырылды.

МАҚСАТ ҮСЕНБАЕВ, «ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

«Бұл зауыттың өндірісі электр техникалық құралдар. Бұндай зауыт Қазақстан бойынша үш қалада бар. Олар Шымкент,Орал, Кентау. Енді міне, төртіншісі Петропавлда.»

Зауытты іске қосу жұмыстарына барлығы 10 миллиард теңгеден астам қаражат қажет. Бүгінде 7 миллиард теңге соммасына жұмыс істелді.  Мемлекеттік бюджеттен бұл мақсатқа 2,3 миллиард бөлінді, 8 миллиард теңге  демеуші тарапынан. 

Индира Ахатқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
17:15, 8 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
Толығырақ...
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
20:37, 24 қыркүйек 2021
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...