ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА 46 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

13:01, 14 шілде 2021

Петропавлда 46 участкеде тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп келеді. Бұл участкелер үшін жерді дайындау барысында 1,5 мыңнан астам ескі жер үй бұзылды.  Облыстық әкімдікте өткен отырыста қала басшысы шаһардағы құрылыс жұмыстары  бойынша есеп берді. Жиында тұрғын үйлермен қатар, өңірде тұрғызылып жатқан әлеуметтік нысандар жайында да айтылды.

Жыл басынан бері тұрғындардың қолданысына 3 бюджеттік үй тапсырылды. Тағы 20 үйдің құрылысы жалғасып келеді.  Соның 12-сі Жас Өркенде бой көтереді.  Көптен күткен 192 пәтерлі үйдің мәселесі көп ұзамай шешілетін көрінеді.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ,  ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 192 пәтерлі үйді тұрғызған мердігер компаниямен бірқатар мәселелер болған.  Қазір құрылысты басқа компания қолға алды.  Алдағы уақытта жұмыстар аяқталады.  Уалиханов көшесінің бойында  бірқатар жоба іске асып жатыр. Мұнда  558 пәтері бар 7 үйдің құрылысын жоспарладық.  Үшеуін өткен жылы бастадық.

Береке шағын ауданында да бірқатар жаңа баспана салына бастады.  Жыл басынан бері 8 көпқабатты үйдің құрылысы қолға алынды. Алайда тұрғындардың баспана қажеттілігін қамту үшін коммерциялық үйлердің құрылысы да қатар жүргізіліп жатыр. Облыста осындай 21 көпқабатты үй салынады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Тұрғын үй жұмыстарына  жекеменшік компанияларды көбірек тартуымыз керек. Оларға қажетті жағдай жасау үшін  инфроқұрылымдарды өткіземіз.  Құрылыс алаңдарын белгіледік. Уалиханов көшесін кеңейтіп жатырмыз. Екі жағында жаңа үйлер болады.  

Уалиханов пен Чкалов көшелерінің қиылысындағы жаңа «Орталық» шағын ауданы бой көтеріп келеді. Мұндағы тұрғындар үшін 900 орындық мектептің құрылысы  көп ұзамай аяқталады.  Жаңа мектеп оқушыларын биылдың өзінде қабылдайды.  М.Қозыбаев университеті де биыл ауқымды жобаны бастады. Жоғары білім беру мекемесі жаңа корпустар, жатақханалар мен зертханалармен толығады.     

СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ,  ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Спортта дарыны бар балалар үшін  спорт мектебінің жанынан жатақхана салынып жатыр.  Береке шағын ауданында заманауи емхананың құрылысы жалғасып жатыр. Бір мезетте мұнда  250 адам келіп ем қабылдай алады.  Жас өркенде жыл сайын құрылыс аумағы артады.  Қазір  Горький мен Парк көшелеріндегі жер үйлердің орнында  көпқабатты үйлер тұрғызылып жатыр.     

Тұрғындарды спортқа баулу үшін облыстың 7 ауданында денешынықтыру мен сауықтыру кешендері салынуда.  Тағы 4 ауданда жабық хоккей корты пайда болады. Облыс аумағында қазір 13 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр.  Білім беру, медицина және мәдениет нысандарын тұрғызу жұмыстарына 1800 адам жұмылдырылды. Облыс әкімі тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қолданып,  вирусқа қарсы вакцина алуға көңіл бөлуді сұрады.

 ҚҰМАР  АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Кәсіпорындардың басшыларын екпе жасауды назарға алуды сұраймын.  Әрине ешкімдің міндеттеу керек емес. Алайда вакциянация бүгінгі күні вирусқа қарсы шаралардың жалғыз амалы екендігін түсінуіміз керек. 

Жиын барысында жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуі де айтылды. Бұл мақсатқа биыл  24 млрд теңге бөлінген. Лавровка- Келлеровка –Тайынша –Чкалово бағытындағы жолды қалпына келтуру жұмыстары 5 жыл жалғасып келеді. 4 ауданды облыс орталығымен байланыстыратын  жаңарған жол биыл   қолданысқа беріледі.   

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...