ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ҚАҒАЗ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНЫП ЖАТЫР

17:07, 20 тамыз 2021

Петропавлда қағаз шығаратын зауыт салынып жатыр.  Жалпы, кешенді жоспар аясында облыста өнеркәсіп саласында 10 жаңа кәсіпорын пайда болады. Олардың бірі – осы салынып жатқан қағаз шығаратын зауыт. Нысанның құрылысы биыл жазда басталды. Қазір монтаждау жұмыстары жүргізілуде, ол 30 пайызға дайын.

Облыс орталығында бой көтеріп жатқан, құны 2 млрд теңгені құрайтын зауыт жылына 5 мың тонна өнім шығаратын болады. Статистика бойынша былтыр СҚО 8 тонна қағаз өнімін импорттаған. Жаңа жоба импортқа тәуелділікті азайтуы тиіс,-дейді мамандар.

АНДРЕЙ ТИТОВ, «РАДУГА» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қажетті құрал жабдықтар жоспар бойынша зауытқа қаңтар, ақпан айларында келеді. Оларды Қытайдан аламыз. Барлық құжаттар, келісімшарттар жасалған, тек құрылыстың соңын күтіп отырмыз.

Болашақ зауыт қағазды макулатурадан жасайды. Алдағы уақытта мұнда майлықтар және А4 форматындағы қағаз жасалады.

АНДРЕЙ ТИТОВ, «РАДУГА» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қағаз жасауға арналған макулатырураны «Радуга» ЖШС-нен аламыз. Қағаз фабрикасы іске қосылғанда 50 адам жұмыспен қамтылады. Зауытты салуға мемлекет тарапынан несие ретінде көмек көрсетілді.

Кәсіпорынның құрылысын «Сион Норд» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Жоспар бойынша 2022 жылдың ақпан айында құрылыс жұмыстары аяқталып, зауытқа құрал-жабдықтарды орнатуға кіріспек.  

Индира Ахатқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
13:01, 27 қазан 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛДЫ
17:15, 21 қазан 2021
ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...