ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА МАЙ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

20:42, 15 желтоқсан 2021

Облыс орталығында өсімдік және зығыр  майын өндіріп, құятын «AGRO GRAIN SK» зауыты ашылды. Бұдан бөлек КӘСІПОРЫН ұн, түрлі жармалар мен зығырды өлшеп ораумен айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорында 11 маман еңбек етеді. Жаңа зауыттың жұмысын қала әкімі Болат Жұмабеков көріп қайтты.

Соңғы 5 жылда облыста майлы дақыл өсіретін ауыл шаруашылық құрылымдарының саны көбейді. Осылайша бүгінгі таңда өңірде алқап аумағы 1 млн гектарды құрап отыр. Нәтижесінде майлы дақылдарды өңдейтін кәсіпорындарға сұраныс артты. «AGRO GRAIN SK» ЖШС май зауыты құрылысын 2019-шы жылы бастады. Енді кәсіпорын тәулігіне 10 тонна сұйық май шығарып, минутына 18 кг ұн және 30 кг түрлі жармаларды өлшеп орауға қауқарлы.

МАРИНА БАРИЕВА, «AGRO GRAIN SK» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

  • Қазіргі таңда кәсіпорында 11 маман еңбектенеді. Олардың орташа айлық жалақысы 140 мың теңге. Шығарылатын өнім көлемінің артуына байланысты болашақта тағы бірнеше маманды жұмысқа алмақшымыз. Зауытқа осы жылдың көктемінде Ресейден заманауи қондырғы сатып алдық. Жұмыс толығымен  автоматтандырылған.

Жаңадан ашылған кәсіпорында Петропавл әкімі Болат Жұмабеков болды. Шаһар басшысының сөзінше соңғы 10 айда облыс орталығына тартылған инвестиция көлемі 84 млрд теңгеден асады. Былтырғы жылмен салыстырған бұл 30 %-ға көп. Бұр қаржының 70 %-і жеке инвестиция.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

  • Қала үшін жаңа өндірістерді ашу өте маңызды. Біріншіден жаңа жұмыс орындар, екіншіден қаламызға салықтар түседі. Өндіріс жағынан үлкен компаниялар мен осындай шағын компаниялар қатысып май шығаруға бағытталған. Бұл майдың ерекшелігі леннан. Бірінші технический және аста пайдаланатын май.

Кәсіпорын болашақта зығырдан техникалық май өңдіруді жоспарлап отыр. Ал, шығарылатын өнім Қазақстан мен ТМД елдеріне экспортталады.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...