Петропавлда экономикалық тергеу департаментінің мамандары Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жедел іздестіру іс-шараларын ұймдастырды. Нәтижесінде өңірде майнингпен заңсыз айналысқан крипто ферма анықталды.
Майнинг фермасының жұмысы үшін бұрынғы көкөніс қоймасының шаруашылық бөлмесі пайдаланылған. 273 бірлік криптовалюта өндіру үшін арнайы құрылғылармен жабдықталған. Экономикалық тергеу департаменті өкілдерінің сөзінше фермада электр қуатын тұтыну айына шамамен 146 Мвт құраған.
ВИКТОРИЯ АЛПЕЕВА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Криминалистің қорытындысы бойынша, табылған жабдық цифрлық криптовалютаны өндіру үшін пайдаланылатын шифрлау кешені болып табылады. Маман шығарылған криптовалюта бойынша заңсыз табыс 68 331 022 теңгені құрағандығын анықтады. ҚР ҚК 214 - бабы-Заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Майгүл Сейілбек