ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ЗАМАНАУИ КӨТЕРМЕ-ТАРАТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

20:37, 22 желтоқсан 2020

Петропавлда заманауи көтерме-тарату орталығы ашылды. Бұл облыста В+санатына жататын алғашқы қойма.  Орталықтың арқасында   тауардың өндірушіден сатып алушыға дейінгі жолы қысқармақ. Нәтижесінде бағаны 15 процентке арзандату мүмкіндігі туады. «Радуга» серіктестігі тұрғызған   нысанның ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Бұған дейін кәсіпкерлер негізінен делдалдармен жұмыс істеп,  тауар тұтынушыға жеткенге дейін, ол бірнеше рет қайта сатылып, бастапқы бағасына  процент қосылатын. «Радуга» серіктестігі қойма құрылысы  жобасын қолға алып, оны іске асыру үшін 1,9 млрд теңге инвестиция құйды. Енді  тауарөндірушіден шыққан өнім, қоймада сақталып, кейін бірден дүкендерге жеткізіледі.  

ВЛАДИМИР МИХАЙЛЕНКО, «РАДУГА» ЖШС ҚОЙМА ЛОГИСТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ:

- Қойма заманауи жабдықталған. Өнімнің сапасын барынша сақтап қалу үшін температурасы мен ылғалдылық реттеліп отырады. Кәсіпорында 60 адам жұмыс істейді. Олардың жұмысын қолайлы етіп ұйымдастырдық. 

Орталық көкөніс қоймасы мен тауар қоймадан тұрады.  Біріншісінде картоп, сәбіз, қырыққабат сияқты 2 мың тоннаға дейін әлеуметтік маңыздылығы бар ауылшаруашылық өнімдері сақталады. Қойма болса, 10 мың тоннаға дейін шақталған. Мұнда жармалар, тұрмыстық химия, пластик өнімдері  сақталмақ. Олардың басым бөлігін серіктестік өзі шығарады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Түрлі  инфекцияның таралу қаупі жоғары кезеңде, тауарды  сақтау өме маңызды. Делдалдар азық түлікті дүкенге жеткізгенше оны қалай сақтайтыны белгісіз.Мұндай қоймаларда барлық нормалар сақталған. Тағы бір артықшылығы облысқа жеткізілетін тауарды қадағалап, салық төлемдерін   реттей аламыз. Және ең бастысы тұтынушыға дейін жеткен тауардың бағасы 15-20 процентке арзан болады.

Серіктестік кезінде дистрибьюторлық компания ретінде құрылып, бірте-бірте шетелден жеткізетін тауарларды өзі шығара бастады. Бүгін радугада  7 ірі өндіріс кешені ,  1500-ден астам жұмысшысы бар, олардың 500-зі өндірісте істейді.  

ДМИТРИЙ ШАРАПАЕВ, «РАДУГА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Біз әрі тауарөндіруші, әрі дистрбьютормыз. Осындай қойма біз үшін аса қажет. Биыл  17 млрд теңгенің өнімін шығардық. Бюджетке 3 млрд теңге салық төледік. Кәсіпорынның жоспары да ауқымды. Алдағы уақытта тағы екі кешен тұрғызамыз. Жылыжай мен қағаз өндірісін қолға аламыз 

Бір қызығы кәсіпорын дәретхана қағазы, сүлгілер жасау үшін шикізат ретінде сабан мен макулатураны қолданбақшы.  

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар