Облыс әкімі жақында комбайн құрастыруды бастайтын CLAAS зауытында болды. Неміс компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорынның құрылысы бір жыл бұрын басталған болатын. Биыл кәсіпорында 90 комбайн құрастырылады деп жоспарлануда.
Кәсіпорында комбайн, трактор, тұқым себу кешендері құрастырылатын болады. Өндірістік аумақтың жалпы ауданы 7 гектардан асады. Зауыт құрылысына ел бюджеттен 1,6 млрд теңге шамасында қаржы жұмсалды. 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылды.
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Құрастыратын жабдықтар жеткізіледі. Жоспарымыз 90-нан астам комбайнды құрастыру. Бұл жақсы жоба. Нысан техникалық жағынан дайын. Жабдықтар жеткізілген соң құрастыруды бастаймыз.»
Компанияның жоба үйлестірушісі Вальдемар Приб ресейлік Краснодар зауытын мысалға келтіре отырып, олардың өндірісінде күніне 6-7 комбайнды қалай жинайтынын айтты.
Зимой начнем с тракторами и посевными комплексами……готовый товар.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы техникалары өңірде тұтынушысын табады, қоймаларда бос тұрмайды деген сенімін білдірді.
А. Жолмұқанова, АНАСТАСИЯ ДРОНЯК