ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН ӨНІМГЕ ШЕТЕЛДЕН СҰРАНЫС БАР

17:20, 10 ақпан 2022

 Қоғам өкілдері  облыстың өміріне белсенді атсалысуы тиіс. Осы мақсатта олар облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге Тайынша ауданындағы кәсіпорындарды аралады. Қоғам белсенділеріне шұжық өнімдері неден өндірілетіні, биоэтанол дегеніміз не және оның пайдасы, сондай-ақ, «ЕМС agro» шошқа кешенін кеңейту жөніндегі жоспарлар туралы айтылды. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

«EMC AGRO» ЖШС шошқа кешені 2018 жылы іске қосылды. Ол кезде фермада 25 мың мал болатын. 2019 жылы кәсіпорын кеңейтіліп, шошқа санын 50 мыңға дейін жеткізді. Серіктестік өткен жылы  мал басын тағы 100 мың шошқаға дейін арттырды, ал бұл жылына 10 мың тонна шошқа еті. Кәсіпорындағы өзгерістер өңір экономикасына да оң әсер етіп жатыр.

ӘЛИХАН ТАЛҒАТБЕК, «KAZFOODPRODUCTS» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл кәсіпорында шошқаларды өсіріп, семіртеміз. Содан кейін шамамен 100-120 кг салмағы бар бордақыланған мал ет комбинатына жібенріледі, онда сойылып, өңделіп, өндіріске жіберіледі. Біз сататын шұжықтар жасалады. Яғни, барлық жұмыс бір жерде атқарылады.

Компания өз өнімдерін Тайынша, Петропавл, Көкшетау қалаларында сатады және жақын арада Қазақстанның астанасында дүкендерін ашпақ. Сондай-ақ,  кәсіпорын ұзақ уақыт бойы Қытаймен келіссөздер жүргізгізіп келеді. Алайда, әлі нәтиже жоқ.   

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Пандемия басталғандықтан, қытайлықтар кез-келген затты экспорттауға шектеу қойды. Қазір бұл жағдай біртіндеп қалпына келуде. Сондықтан, алдағы уақытта бұл мәселе шешмін табады деген ойдамын.

Бүгінгі таңда шұжық өнімдері импорты 32% құрайды, өндіріс көлемін 200 мың басқа арттырғаннан кейін бұл көрсеткішті төмендетуге болады.  Мамандардың айтуынша, мұнда жасалтын шұжық экологиялық таза және табиғи өнім. Шошқа кешенінен торайлар ет комбинатына әкелінеді, онда ет, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар дайындалады. Әзірше дайын өнімнің 49 түрі бар. Алдағы уақытта оларды ұлғайту жоспарланып отыр.

ЛАРИСА КОСОВА, «EMC AGRO» ЖШС ДИРЕКТОРДЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз өнімдерге тек шошқа мен сиыр етін қолданамыз, тауық еті мүлдем қолданылмайды. Тек таза табиғи экологиялық өнім. Бұл өзімізде өсірілген малдың еті. Қазір  тұтынушыларға Зельц шұжығы өте ұнайды.  Жұшыққа ет пен сорпа ғана қосылады.

Қоғам белсенділері барған тағы бір кәсіпорын – «Bio operations». 8 жылдық үзілістен кейін серіктестік бірнеше жыл ішінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Олар мұнда глютен, крахмал өндірумен айналысады, биыл ұн шығара бастамақ. Ал 2021 жылы биоэтанол өндірісі желісі іске қосылды – қоршаған ортаға зиянсыз экологиялық таза өнімнің өткен жылы көлемі 3 мың тоннаға жеткен. Халықаралық сапа сертификатын алғаннан кейін солтүстікқазақстандық өнімге Түркия, Финляндия және Еуропаның басқа елдері қызығушылық танытып отыр.

АЛМАС ҚАЛИМУРЗИН, «BIOOPERATIONS» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Жоспар көп. Нарықта біздің онім сұранысқа ие екеніне көзіміз жетті. Қазіргі таңда биоэтанол отын өндірісі үшін көп қолданылады.  Сондықтан бізге әлемнің түкпір-түкпірінен ұсыныстар түсіп жатыр.

Биыл кәсіпорын алдында 10 мың тонна биоэтанол өндіру міндеті тұр, жыл басынан 800 тонна өнім шығарылды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Бұл экологиялық таза жоба. Қазір кәсіпорын түрлі компаниялармен келіссөздер жүргізуде. Біздің зауыттарда этанол қолданылады, ол атмосфераға барлық зиян заттарды шығарады және ауаны ластайды. Біз биоэтанолды қолдануымыз керек, тек сонда ғана ауа әлдеқайда таза болады

Осындай ірі кәсіпорындардың дамуы облыс экономикасына қуатты серпін беріп, нәтижесінде жергілікті халықтың өміріне оң әсер етеді деген қорытындыға келді өңір басшысы.  

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар