ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

20:37, 24 қыркүйек 2021

Облыстың ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор. Өңір халықты жоғары сапалы, экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етуде үздіктердің қатарында. Кәсіпкерлер бүгінде өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығын да қолға алып, дамытып жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың мал шаруашылығын дамыту және заманауи сүт фермаларын салу мәселелері талқыланды. Арна тілшілері әзірлеген бейнесюжетке назар аударайық.

432 мың ірі қара, 460 мың қой мен ешкі, 146 мың жылқы, 222 мың шошқа және 5 миллионға жуық құс. Мұның барлығы бүгінгі таңда біздің өңірімізде бар. Көрсеткіштер өте жақсы, бірақ алда іске асыратын жоспарлап көп екенін  атап өтті Марат Тасмағанбетов. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қазіргі таңда заманауи сүт кешендерін көптеп салып жатыр. Егер өсімдік шаруашылығы маусымдық жұмыс болса, мал шаруашылығымен жыл бойы айналысуға болады.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгінгі күні облыста сүт өндірумен айналысатын 100-ден астам шаруашылық бар, оның ішінде 21 заманауи сүт кешені, оның 12-сі соңғы үш жылда салынған. Бұған Мемлекет басшысы және Үкіметтің қолдауымен қабылданған Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың Кешенді жоспары айтарлықтай ықпал етуде. Біз өнімділігі жоғары заманауи цифрлық сүт фермаларына басымдық бердік, кешенді жоспар аясында 2025 жылға дейін тағы 52 ферма салу жоспарланған. Біз өнім көлемін 1 млн тоннаға дейін жеткізу міндетін қойып отырмыз.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бір бөлігі, оның үстіне бұл кәсіпті таяуда ғана қолға алғандар жаңашылдықтан қорқып, заманауи кешендер салудан қашқақтайды. Өңірдің бетке ұстар шаруашылықтары болса фермаларды салуға қарсы емес. Оның үстіне Үкімет тарапынан аталмыш саланы дамытуға демеуқаржы мен жеңілдетілген несиелер беріліп жатыр. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге жаңа жабдық пен асыл тұқымды мал сатып алуға үлкен көмек. 

АНАТОЛИЙ РАФАЛЬСКИЙ, «СК-АГРО 2050» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫС:

- Мал шаруашылығымен ондаған жыл бойы айналысып келемін. Сол себепті осы уақыт аралығында бұл саланың ауылдың ажырамас бөлігі екеніне көзім әбден жетті. Әрине, жұмыс ауыр. Жетістікке қол жеткізу үшін аянбай еңбектену қажет. Сол себепті егерде алға қойған мақсат пен оған жету жоспары дұрыс болса, нәтижесі де керемет болмақ.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Егер құрылыс туралы айтатын болсақ, бұл инвестициялық субсидиялардың 25% - ын, яғни шығындардың 25% - ын мемлекет өзіне алады. Асыл тұқымды мал сатып алу бойынша – бір бас үшін 400 мың, егер бұл отандық болса, онда 200 мың теңге демеуқаржы беріледі. Жем-шөп өндіруге де субсидиялар бар.

Мал шаруашылығын дамытуда басымдықты өнімділігі жоғары асыл тұқымды малға берген жөн. Пандемия кезінде де, фермерлер ірі қара малды шетелден әкелуге мүмкіндік алды. Биыл Еуропа мен Ресейден сүт және ет бағытындағы 10 мыңға жуық бас әкелу жоспарланған.  

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биыл 16 кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін жалпы саны 5 мың басқа арналған 10 сүт фермасы іске қосылады, олар жобалық қуатқа шыққан кезде қосымша 25 мың тоннадан астам сүт өндіреді. Мемлекет басшысы баса назар аударған маңызды мәселелердің бірі-елді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз ету. Солтүстік Қазақстан-ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталықтарының бірі.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы Жол картасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін 185 млрд теңгеге жүзден астам жобаны қосу жоспарланған. Мал шаруашылығын дамыту үшін алдағы жылдары біздің өңірде 52 сүт фермасы, 12 бордақылау алаңы мен репродуктор, 7 қой фермасы пайда болады және 2 бройлерлік құс фабрикасының құрылысы жоспарланған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛДЫ
17:15, 21 қазан 2021
ДИҚАНДАР БИЫЛ ОРТА ЕСЕППЕН ГЕКТАРЫНАН 11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛД...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13:02, 20 қазан 2021
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...